Ақын Мерей Қарттың «Қарашықтағы құбылыстар» кітабының тұсаукесері
- Толығырақ
- Құрылды 27.02.2020 12:59
2020 жылы 4 наурыз күні сағат 15-00 де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Шығыстың танымал жас ақыны Мерей Қарттың «Қарашықтағы құбылыстар» кітабының тұсаукесері өтеді.
Өлкемізде рухты өлеңдерімен елге танымал Мерей Қарт Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Үштөбе ауылының тумасы. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған жас ақын-жазушылардың "Үздік поэзия" аталымының, «Алтын тобылғы» әдеби байқауының гран-при иегері. "Алтын тұғыр" әдеби байқауының жеңімпазы.Төлеген Айбергенов төсбелгісімен марапатталған. Филология ғылымдарының магистрі.
Мерей Қарт Семей қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрында еңбек етіп, қазіргі таңда Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық филиалына жетекшілік етуде.
Бала кезден атасы мен әжесінің тәрбиесін көрген Мерей көне дастандар мен батырлар жырын ұйып тыңдапты. Ауылдағы тұмса табиғат, сылдырлаған бұлақ, шулаған шидің өзі шабытына қанат бітіріп поэзия әлеміне есік ашқызған екен. Осылайша, дала мен қаланың тел қоңыры Мерей Қарт алғашқы өлеңдерін туған жер, табиғат, жылқы тақырыптарына арнаған. Бүгінге дейін ақынның «Қамшы», «Есімің сенің» атты жыр жинақтары жарық көрген.
Ақын кітабының тұсаукесеріне зиялы қауым, жас ақындар, шығармашылыққа қызығушылығы бар жастар, өнерсүйер қауым шақырылады.
Өлкеміздің танымал азаматтарымен кездесу – жастарға рухани жағынан серпін, болашақтарына бағыт-бағдар береді деп сенеміз.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын Тлегенқызы
87056241725
тел. 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053978
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы