«Ана бақыты»
- Толығырақ
- Құрылды 28.02.2020 16:37
4 наурыз 2020 ж. сағ.14.00-де А. С. Пушкин атындағы кітапхананың Білім орталығы Халықаралық әйелдер күніне орай кітапхананың барша жас оқырмандарын, сұлу бикештерін, аналар мен әжелерді «Ана бақыты» атты мерекелік кездесуге шақырады.
Кездесу бағдарламасында: сүйікті аналар, әжелер мен барша нәзік жандылар үшін кішкентай оқырмандарымыздың құттықтау концерті және «Әсемдік салоны», мастер-класстар мен арнайы кәдесый түріндегі тосынсыйлар.
«Әсемдік салонында» киім дизайны мен шаштараз өнерінің шеберлері мереке қонақтарына жеке стиль мен табиғи сұлулықты айқындауға көмек береді.
Жас қолөнершілеріміз тоқыма, тігу және әртүрлі кәдесыйлар жасау шеберліктерімен бөлісіп, керемет туындыларын мереке барысында сыйға тартады.
«Көшбасшы әйелдер: сәттілік формуласы» атты кітап көрмесінен қонақтар ұлы тарихи тұлғалардан бастап, біздің белгілі замандастарымызға дейінгі түрлі әйелдер тағдыры туралы тамаша туындыларды таба алады.
Сіз әжеңіз бен анаңызға сыйлық жасағыңыз келе ме? Ендеше 4 наурыз күні А. С. Пушкин атындағы кітапханада өтетін «Ана бақыты» атты мерекеге шақырыңыз, бірге құттықтайық!
Байланысшы: Құдайбергенова Нұргүл
тел. 87055412525
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26055223
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы