homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҰлы Жеңіске 75 жыл: «Есте сақтаймыз және құрметтейміз!»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ұлы Жеңіске 75 жыл: «Есте сақтаймыз және құрметтейміз!»

А.С. Пушкин атындағы кітапхана оқырмандарын, балалар, жасөспірімдер мен жастарды Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Есте сақтаймыз және құрметтейміз!» облыстық шығармашылық конкурсы мен «Соғыс туралы отбасылық  әңгімелер» желілік жобасына қатысу туралы шақырады. Үздік жұмыстар А. С. Пушкин кітапханасының көрмесінде және www.voiny.vko.kz сайтында ұсынылып, Ресейдің Псков облыстық кітапханасының «Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» Халықаралық Интернет-күнделігі» желілік жобасына қатысу үшін http://pobeda.pskovlib.ru сайтына жіберіледі.

«Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» http://pobeda.pskovlib.ru интернет-жобасының қатысушыларына шектеу қойылмайды. Ұйымдастырушылар отбасылық мұрағаттарды парақтап, соғыс хаттарын, күнделіктерден үзінділер, куәліктер, анықтамалар, медициналық қорытындылар, соғыс құрбандарын жерлеу туралы материалдар, ескерткіштер және соғыс туралы басқа да нысандарды, естеліктердің аудио, бейне жазбаларын жіберуді ұсынады.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған

«Есте сақтаймыз және құрметтейміз!» облыстық

шығармашылық конкурсы мен «Соғыс туралы отбасылық

әңгімелер» желілік жобасына қатысу туралы

ЕРЕЖЕ

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

         Балалардың, жасөспірімдер мен жастардың тарихқа деген шығармашылық қабілеттерін және зерттеу қызығушылығын дамыту.

         Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсететін және 1941-1945

жылдардағы Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арналған шығармашылық жұмыстар жасау.

Конкурс номинациялары

-         «Атаңды полкке жаз»: соғысқа қатысушы - туыс, ауылдас, көрші және т. б. фотосуреті мен марапаттары көрсетілген шығарма.

-       «Соғыс – өлең жолдарында»: өз жанынан құрастырылған өлеңдер.

-       «Ерлігі жадымызда»: сурет немесе декоративті-қолданбалы шығармашылық бұйымы.

Жұмыстарға қойылатын талаптар

-       Жазба жұмыстары – MS Word электронды нұсқада, қаріп 14, 1-2 бет.

-       Фотосуреттер – сапалы түсірілген электронды нұсқада.

-       Кез-келген техникада орындалған сурет немесе декоративті-қолданбалы шығармашылық бұйым түпнұсқада қабылданады.

Конкурс жұмыстарын бағалау критерийлері

-       мазмұны, тақырыпқа сай болуы және тақырыпты толық ашуы;

-       зерттеу бағыты;

-       оригиналдығы және тақырыпқа креативті қарау;

-       декоративті-қолданбалы шығармашылық бұйымның көркемдік әсерлігі.

Конкурсқа қатысушылар:

Шығыс Қазақстан облысының қалалық, аудандық және ауылдық кітапханаларының оқырмандары - жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері.

Конкурсты өткізу мерзімі және қорытындылау

Конкурс 2020 ж. 9 наурызынан басталады, өтінімдер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау 2020 жылдың 25 сәуіріне дейін жүргізіледі.

2020 ж. 25-30 сәуір аралығында қазылар алқасы мүшелері байқау жұмыстарын қарайды.

Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша әр жас ерекшелігі бойынша үш жүлделі орын анықталады.

Марапаттау

  1. Үздік шығармашылық жұмыс авторлары 2020 жылғы 6 мамырда А.  С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада үш жас ерекшелік категориясы бойынша диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады:

-       6-10 жастағы балалар;

-       10-14 жастағы жасөспірімдер;

-       15-17 жастағы жастар.

  1. Ең үздік жұмыстар А. С. Пушкин кітапханасының көрмесінде және www.voiny.vko.kz сайтында ұсынылып, Ресейдің Псков облыстық кітапханасының «Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» Халықаралық Интернет-күнделігі» желілік жобасына қатысу үшін http://pobeda.pskovlib.ru сайтына жіберіледі.

Тапсырыс үлгісі

-       конкурсқа қатысушының тегі, есімі, әкесінің аты (толығымен);

-       туған күні;

-       номинация мен жұмыс атауы;

-       білім беру (әлеуметтік) мекемесі, сынып, топ;

-       конкурсқа қатысушылардың телефондары, электронды поштасы мен тұрғылықты жері бойынша пошта мекенжайлары (индексімен).

Желілік жоба туралы қосымша ақпарат

«Соғыс туралы отбасылық әңгімелер» http://pobeda.pskovlib.ru интернет-жобасының қатысушыларына шектеу қойылмайды. Ұйымдастырушылар отбасылық мұрағаттарды парақтап, соғыс хаттарын, күнделіктерден үзінділер, куәліктер, анықтамалар, медициналық қорытындылар, соғыс құрбандарын жерлеу туралы материалдар, ескерткіштер және соғыс туралы басқа да нысандарды, естеліктердің аудио, бейне жазбаларын жіберуді ұсынады.

Байланыс ақпараты

Жұмыстар е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.бойынша келесі мекенжайда қабылданады:

Өскемен қ., Қазақстан көшесі 102, А.С.Пушкин атындағы кітапхана.

Анықтама тел. 8 (7232) 261333, ішкі 111.

87051863586 Мергембаева Динара,

87055412525 Құдайбергенова Нұргүл.

***

                            

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26056578
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102