homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Наурыз – көктем елшісі»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Наурыз – көктем елшісі»

 Ұлыстың ұлы күні әрбір жүректе үміт оты маздап, бақыт есігі ашылып, келешекке сеніммен қараған. Жер-ана тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген, Самарқанның көк тасы еріген. Қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған Наурыз түні даланы адамдарға бақ-дәулет дарытатын Қыдыр Ата аралаған. Алтыбақан басында ән, жыр айтылып, күй тартылады. Әр шаңырақ наурыз көже пісіріп, үй-үйден дәм татады.Наурызды мерекелеудің әрбір күнінің бұрынғы салт-дәстүрлер негізінде өз атауы бар. Ол 14 наурыз – «Көрісу күні» (Амал күні) салтымен басталады, одан кейінгі күндер Шежіре күні, Жайлау күні, Шымырлық пен шеберлік күні, Зияткерлік күні, Ұлттық тағамдар күні деп жалғаса береді.  Ұлыстың ұлы күніне орай кітапханада «Наурыз – көктем елшісі» атты ұйымдастырылған көрме осы күндерге байланысты тақырыпты қамтиды.

Көрмеде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, бұл ежелгі мерекенің табиғатын, ғұрыптары мен нышандарын тереңірек білгісі келетіндер үшін: әлемге аты танымал шығыс шайырларының бірі Омар Хайямның «Наурызнама», С. Ерғалидың «Нау мен ырыс», «Магия Навруза» еңбектері ұсынылған. Ұлыстың алғашқы күні көрісуден басталған. Бұл күні жұрт бір-бірін құттықтап, төс қағыстырып сәлемдесіп, «көрісу» рәсімін жасайды. «Ұлыс оң болсын!», «Ақ мол болсын!» деген сияқты сөздер арқылы жаңа жылдың келуімен құттықтап, арқа-жарқа болады.
Көрісу салты туралы Н. Ақбайдың «Қазақтың дәстүрлі атаулары», «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітаптарынан және С. Нұрпейісованың «Көрісу – ізет пен ілтипат» (Дәстүр/2018.-№2), «Ұлыстың ұлы күні – Амал – жыл басы» (Дәстүр/2017.-№2), Ж. Артықбаевтың «Наурыз – қазақтың төл мейрамы» (Мәдени мұра/2015.-№2) мақалаларынан білеміз. Шежіре күні бөліміндегі «Шежіре шерткен шер мен сыр», З. Кайсеновтің «Найман шежірелер мен руларының тарихы», «Тоғызтаңбалы наймандар» және т.б. жинақтары ұлт тарихының бастауы шежіре туралы, жеті аталық үрдістің ұлттың біртектілігін сақтаудағы маңызын әр қырынан ашып көрсетеді. Қай халықтың болмасын, салт-дәстүрлері міндетті түрде сол халықтың мінез-құлқын, ой-өрісін, ұлтқа тән қасиеттерін танытып тұрады. С. Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабына енгізілген ұлттық салт-дәстүрлеріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге мол септігін тигізері анық. Сонымен қатар Қ. Бегмановтың «Халқы мықтының – салты мықты», «Ағаш бесіктен жер бесікке дейін» бес томдығы, Х. Арғынбаевтың «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері, бата-тілектер, әдет-ғұрпы, мәдениеті, ұлттық киімі және т.б дәстүрлері туралы мол мағлұмат береді. Дастарқан үстіндегі туралған қазы-қарта, қызыл күрең ірімшік, ақ сары құрт, алтын түйіршігіндей ақталған тары, қуырылған бидай, сапырылған сары қымыз... бәрі-бәрі қосылғанда көз қуантар, тәбет шақырар. Ұлтымыздың ғасырлар бойы қастерлеп келген сан түрлі тағам түрлері, оларды даярлау тәсілдері көмескіленіп бара жатқан жоқ па, осы? Белгілі жазушы К. Сегізбайұлының көріп-түйгендері «Қазақы дастарқан – Traditions of the Kazakh dastarkhan» – осы сауалға жауап береді. Қазақтың қонақжай дастарқаны туралы басқа да көптеген кітаптарды Ұлттық тағамдар күніне арналған бөлімнен табамыз. Балалар мен жасөспірімдерді спортты сүюге баулайтын Шымырлық пен шеберлік бөліміндегі «Әлемдік және ұлттық спорт ойындары», «Қазақ балуандары», «Қазақша күрес», М. Таникеев «Мир народного спорта», «Атсайыс ойындары», М.Шотаев, С.Ақназаров «Таңғажайып тоғызқұмалақ» жинақтары ұлттық спорт ойындары, спортшылар туралы деректер береді. Л. Әденова, Т. Қожағұлов «Зергерлік өнер нақыштары». Бұл еңбек қазақ халқының зергерлік өнерінің пайда болуы жайлы әңгімелесе, қолөнер шеберлерінің, ұсталардың, зергерлердің талантын танытатын керемет туынды Ш. Тоқтабаеваның «Қазақтың киізден бұйым жасау өнері» үш тілде киізден бұйым жасау қолөнерімен таныстырады. Қазақ анасы бейнесімен үйлескен ұлттық киімдеріміз қандай әдемі. «Киелі кимешек=Кимешек-духовный покровитель= Kimeshek is a Spiritual Patron» - қазақ әйелдерінің киелі баскиімі, бойындағы иманы, инабаты, қорғаны, дәрежесі, оның да басқа киім үлгілеріндей өзіндік пайда болуын, дамуын әңгімелейді. Осының бәрін шымырлық пен шеберлік күнінен табамыз.
Зияткерлік күні бөлімі ақыл-ойды дамыту мақсатында «Сөз мәйегі», «Қазақтың бұрынғыдан қалған сөзі» «Қазақ мақал-мәтелдері», «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері», «Қазақ жұмбақтары» және т.б. халық даналығы саналатын нақыл сөздер мен жаңылтпаштарды таныстырады.
Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханаға шақырамыз.
Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын! 

Байланысшы: Жанұзақова Райхан, тел. 261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26343578
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102