Айтыскер ақын Жандарбек Айтақынұлы Бұлғақовпен онлайн-кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 19.04.2020 01:14
2020 жылы 23 сәуір күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен @barshyn_abilgazinova парақшасында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақовпен тікелей эфир өтеді.
Айтыс өнері – ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп келе жатқан қазақтың киелі өнері. Осындай бірегей өнердің дамуына ат салысып жүрген, бүгінгі айтыс майталмандарының ішінде халық сүйіп тыңдайтын, шоқтығы биік айтыскер ақындардың бірі – Жандарбек Бұлғақов.
Жандарбек Бұлғақов Алматы облысы, Талдықорған қаласында 1991 жылы дүниеге келген. Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің филология факультетінің магистрі. "Сөз қадірі-өз қадірің" атты ораторлық курстың авторы. Көптеген Республикалық, халықаралық ақындар айтысының жүлдегері, екі мәрте «Алтын домбыра» және Мемлекеттік жастар «Дарын» сыйлығының иегері. ҚР Мәдениет саласының үздігі төсбелгісімен марапатталған.
Тікелей эфир барысында қазақ руханиятының дамуы, жалпы айтыс өнері, айтыскер ақынның бүінгі айтысқа берер бағасы, өз шығармашылығы жайлы салихалы сұхбат болмақ.
Халық бар жерде айтыс өнері жоғалмайды, өшпейді. Ендеше, ақынмен бірге болыңыздар!
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын Тілегенұызы,
библиограф, +7 705 624 1725
#BizBirgemiz
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26340540
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы