Ақын, жазушы Ұларбек Нұрғалымұлымен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 19.04.2020 01:17
22 сәуір күні сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ұларбек Нұрғалымұлымен онлайн кездесу (Инстаграм желісіндегі жеке парақшасынан https://www.instagram.com/ularbeknurgalym/?igshid=11eujl9kyrt4j) өтеді.
Ұларбек Нұрғалымұлы 1983 жылы дүниеге келген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша тәмамдап, білімін Нұр-Сұлтан қ. Қазақ Ұлттық Өнер университетінде жалғастырып, «Өнертану» магистрі дәрежесін алған. Қазір осы оқу орнында оқытушылықпен қатар Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істейді.
Ұларбек Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте жүлдегері, «Ауылым – алтын тұғырым» бәйгесінің поэзия аталымы бойынша I орын, халықаралық «Рух» әдеби байқауының I орын және «Алтын тобылғы» әдеби байқауының «Жылдың үздік поэзиясы» аталымының иегері. Сондай-ақ, көптеген республикалық, халықаралық мүшәйралардың жеңімпазы.
Ұларбек шығармашалығының негізгі тіні көркем шығарма – өлең, әңгімелер бола тұра, ол мәдениеттану, әдеби сын тақырыптарында қалам тербеп келеді. Қазақтың мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары, сонымен бірге салт-дәстүр, ұлттық классикалық музыка саласына арналған публицистикалық зерттеу мақалалары, нағыз қазақтың болмысын көрсететін көркем әңгімелері оқырман көңілінен шығуда.
Автордың «Керағыс» жыр жинағы, «Болмыс», «Жазушы жаны», «Тағдыр мен майдан» әдеби сараптамалық, зерттеу кітаптары, «Дайағашшы» эссе, әңгіме, мақалалар жинағы және «Ілияс пен Заңғардың планшеті» атты комикс жанрындағы балаларға арналған тағылымдық кітабы жарық көрген.
Баршаңызды ақынмен салиқалы сұхбат құруға шақырамыз!
Байланысшы: Гүлнұр Зұлқаршын, тел.: 87758301250
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336205
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы