homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВМеценат Дулат Тастекеевпен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Меценат Дулат Тастекеевпен кездесу

2020 жылы 24 сәуір күні сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен кәсіпкер, меценат, «Tas Group» компаниялар тобының негізін қалаушы, TASCREDIT қаржы компаниясының басшысы, «ASSYLTAS» Қоғамдық қорының президенті Дулат Тұрсынұлы Тастекеевпен тікелей эфирде (Дулат Тастекеевтің Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @dulat_tastekeyev жеке парақшасында) кездесу өтеді.

Қазақстандық кәсіпкерлердің жаңа толқынының өкілі, жомарт жүрек, ұлтжанды азаматтың бірі Дулат Тастекеев – Тарбағатай ауданының Екпін ауылының тумасы . Ол өзінің табысты бизнесін жаңа форматта ұйымдастырып, дамытып қана қоймай, біраз жылдан бері қайырымдылықпен де айналысып келеді.
Дулат Тұрсынұлының басшылығымен 2018 жылдан бастап «ASSYLTAS» Қоғамдық қоры құрылды. Қайырымдылық қоры – бірнеше жылдан бері құрылысы тоқтап қалған Семей қаласындағы Орталық мешіт құрылысын қайта жандандырды. «ASSYLTAS» қорының тағы бір ауқымды жобасы – Ақсуат ауылында жыл сайын өтетін «Туған жерге туыңды тік» атты халықаралық ақындар айтысы. Аталмыш шараға тек елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдерден де ақындар келіп қатысады. Айтыс жүлдегерлері қомақты сыйлықтармен марапатталып, жыл сайын бір ақын «ТАСКРЕДИТ» компаниясы тағайындаған шәкіртақыға ие болуда.
Дулат Тұрсынұлы 2016 жылдан бері Тарбағатай ауданының кіші энциклопедиясы іспеттес, киелі өлкенің тарихымен, тарихи тұлғаларымен, аңыз-дастандарымен таныстырып, сұлу табиғаты мен архелогиясынан сыр шертетін «Тарихқа толы Тарбағатай» жинағын шығаруға демеушілік етіп келеді. Сонымен қатар, Тарбағатай өлкесінің сурет қорын құру мақсатында «Ғажайып өлке» жобасы да іске асырылуда.
Тікелей эфирде Дулат Тұрсынұлы қазіргі таңда өзекті болып отырған «Дағдарыс уақытындағы жәрдемдер», «Қаржылық сауаттылық», сонымен қатар «ASSYLTAS» Қоғамдық қорының өлке руханиятын дамытуға қосып жатқан үлесі т.б. тақырыптарда әңгіме өрбітіп, тікелей эфир қатысушыларымен сұхбаттасады.
Баршаңызды тікелей эфирді көруге шақырамыз!

 

Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337788
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102