homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАқын, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы тікелей эфирде
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ақын, әдебиеттанушы Дәулеткерей Кәпұлы тікелей эфирде

2020 ж. 6 мамыр күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен #BizBirgemiz акциясы аясында инстаграм әлеуметтік желісіндегі https://instagram.com/dauletkereykapuly?igshid=40ju2yzkary6 парақшасында ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлымен онлайн кездесу өтеді.

Дәулеткерей Кәпұлы «Сүтті іңір», «Бүлдірген ағып түскенше», «Шертолғақ», «Бөрісырғақ», «Терісбұрау» атты жеке жыр жинақтарының, «Қалам, сия – көз жасы» монографиясының авторы. Сегіз сері Баһрамұлының (Мұхаммед-Қанафия) өлең-дастандарын құрастырып, шығармашылығын саралап «Гауһартас» атты кітапты, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Оспан батыр Ісләмұлы туралы танымдық кітапты құрастырып, баспадан шығарушы.
Ақын өлеңдері «Дорог небесных вехи (Жемчужная поэзия)» (орыс тілінде, Мәскеу), «Antologia de la poesia kazajia contemporanea» (испан тілінде, Испания), «Yenı qazax seırı antologıası» (әзірбайжан тілінде) және «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдық антологиясы т.б. жыр жинақтарында жарияланған.
Дәулеткерей Кәпұлы көптеген халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының, айтыстардың жеңімпазы. Екі дүркін Мемлекеттік стипендия иегері. Астана қаласының 10 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдық, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекелік медальдарымен және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамынының «Жоғарғы дәрежелі Қазақ тілі» медалімен марапатталған. Моңғолия Демократиялық партиясының «Азаттық» орденінің иегері. Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Халықаралық Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының мүшесі.
Жыр сүйер қауымды ақынмен бірге ой бөлісуге шақырамыз!

 Байланысшы: Аскерхан Ақтай 8701183 00 84

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339319
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102