homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Ұлы Жеңіске тарту» мерекелік онлайн концерт
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Ұлы Жеңіске тарту» мерекелік онлайн концерт

8 мамыр күні сағ. 16.00-де Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының талантты, өнерлі ұлдары Нұржан Шөкенов пен Мұратхан Ахметбек фейсбук желісіндегі @Мұратхан Ахметбек парақшасында Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы Жеңіске тарту» атты мерекелік онлайн концертін ұсынады.

Шығыстың атын республикаға танытып жүрген Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылының тумасы күміс көмей әнші, сырнай аспабында шебер орындаушы Нұржан Шөкенов (Апош Сарбаз) пен ақын, сазгер Мұратхан Ахметбектің онлайн концерті соғыс және тыл ардагерлерінің, майданнан қайтпай қалған боздақтардың рухына, жалпы аға буын өкілдерінің құрметіне арналады.
Нұржан Шөкенов қазіргі ән өнерінде, шоу-бизнесінде өз қолтаңбасы қалыптасқан әнші. Тамылжыған әуенімен көрермен көңілінен орын алған «Тәп-тәттісің», «Ауылға арнау», «Анаға сәлем» тағы да басқа сазды, лирикалық әндерімен елге танымал. Шығыс жұрты әншінің әкесі Серік Шөкеновты айтыскер ақын әрі сазгер ретінде жақсы таниды. Оның «Шығысым-ай», «Ұрпақ дауысы», «Мұрагер» сынды патриоттық әндері кез келген мерекелік кештің шырайын енгізіп жүр.
Мұратхан Ахметбек – Тарбағатай ауданы, Сарыөлең ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласында тұрады. Көптеген танымал ән мәтіндерінің авторы. Әндерін республикаға танымал әншілер орындап жүр.
Талантты өнерпаздарымыз елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты үйде отырған халыққа рух беріп, өз өнерлерімен қолдау көрсетіп, әсерлі әндерін аталар ерлігіне арнамақ.
Ұлы Отан соғысы жылдарында майдан мен тылда ұрпақ болашағы үшін жандарын аямаған аға ұрпақ алдында басымызды иіп құрмет көрсетеміз!

 

Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын,
библиограф, 87056241725

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337073
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102