Актер әрі әнші Дарын Болатханұлымен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 10.05.2020 17:31
2020 жылы 11 мамыр күні сағат 20.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл өңірінде дүниеге келіп, есімі елге танылған, үндінің Джимми әнін шырқап "индия Дарын" атанып, өнерсүйер қауымға алаш ардақтысы Мағжанның рөлін сомдаумен танымалдылыққа ие болған актер, әнші, асаба Дарын Болатханұлымен daryn_bolatkhan инстаграм парақшасында онлайн кездесу өтеді.
Өнерімен қалың жұртына қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан көрнекті актер, әнші жерлесіміз бүгінде Алматы қаласында тұрады. Көптеген сериалдарға түсіп, бейнеклип жасап актерлік қабілетін шыңдауда, тамаша әндерімен қалың тыңдармандарының сүйіспеншілігіне бөленуде.
Ата-анасы ұстаздық қызмет атқарған, өнерлі жанұя отбасылық ансамбль құрып, халыққа концерт берген. Осындай ортадан шыққан Дарын музыка факультетін тәмамдап, кино өнеріне бет бұрады.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, ақын, қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған Мағжан Жұмабаевтың 120 жылдығына арналған көркем фильмде Мағжанның рөлін сомдаған жас актер: «Мағжанның шығармашылыққа енді араласып, қазақтың тағдыры үшін атсалысқан кезеңін ойнау бұйырды маған –, дейді.
Онлайн кездесу барысында талантты әнші, актер өнер жолына байланысты қызықты оқиғалар мен қазіргі көпті толғандырып жүрген мәселелерге байланысты ой-пікірін білдірмек. Өлең оқып, ән шырқап кеш көрігін қыздыра түседі деген ойдамыз.
Кездесуден құр қалмаңыздар!
Байланысшы: Абылгазинова Г. Т.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы