homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВХалықаралық конференция «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Халықаралық конференция «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар»

8 сәуір 2021 жылы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Кітапханалардың инновациялық қызметі: тәжірибе, әдістеме, тенденциялар» атты халықаралық онлайн-конференция өткізді. Кәсіби онлайн кездесу кітапхананың 125 жылдығына арналды.

ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Раушан Қапасқызы Нұрмұханова конференция қатысушыларына құттықтау сөз сөйлеп, тілек білдірді
Кездесу онлайн-режимде өтуде, алайда біз кәсіби кездесудің жемісті болатынына және біздің заманымыздың көптеген сұрақтарына жауап беретін тиімді әңгіме болатынына сенімдіміз. Біз кітапхана қауымдастығы Мәдениет саласындағы ақпараттық флагман деп санаймыз. Осыған байланысты Пушкин атындағы кітапхана 125 жыл бойы кітапхана ісінің жаңашылы ретінде өз беделін абыроймен сақтап келеді.Осы жылдар ішінде кітапханамыз білім орталығы ғана емес, сонымен қатар жеке даму орталығы, оқырмандар мен облыс кітапханашылары үшін жетістік орталығы болды.
Кездесу модераторы - Шагиева Бибигуль Жамбыловна, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы КММ директоры конференцияны "Руханият ордасына 125 жыл" презентациясымен ашты.
Конференция спикерлері – Германия, Эстония, Литва, Ресей, Өзбекстан сияқты алыс және жақын шетелдің ұлттық, республикалық, өңірлік кітапханаларының мамандары MakerSpace шығармашылық шеберханалары мысалында оқуды ілгерілету саласындағы инновациялық тәжірибемен, кітапханаларға арналған маркетингтік стратегиялармен, цифрлық сауаттылықты дамыту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, конференция жұмысына Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы, Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты, В.И. Даль атындағы Ресей әдебиеті тарихының мемлекеттік мұражайы өкілдері қатысты.
«Кітапханалардағы заманауи IT-технологиялар» секциясында Мартинас Мажвидас атындағы Литва ұлттық кітапханасының Мейкер Спейс шығармашылық шеберханалары, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапханасының презентациялары ұсынылды.
«Оқу өмір салты ретінде: балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері» секциясында Удмурт Республикасының Ұлттық кітапханасы, Ленинград облыстық балалар кітапханасы, Таллин Орталық кітапханасы, А.С. Пушкин атындағы Самарқанд облыстық ақпараттық-кітапхана орталығы, Кузбасс мемлекеттік балалар мен жастарға арналған кітапханасы, А. С. Пушкин атындағы Омбы мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасының әріптестері өз тәжірибелерімен бөлісті. Онлайн конференция қорытындысы бойынша материалдардың электрондық жинағы шығарылады және ол ары қарай үнемі толықтырылып отырады деп жоспарлануда.

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konf 1 1 konf 1 2 konf 1 12 rjya 1  konf 1 10 piter 1

 

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339484
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102