homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӘлемге әйгілі палуан
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Әлемге әйгілі палуан

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапхананың оқу залында қазақ палуаны және цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 150 жыл толуына орай "Әлемге әйгілі палуан" атты кітап көрмесі жұмыс істейді. Ол француз күресінен әлем чемпионы атағын алған алғашқы қазақ. 

Қажымұқан әлемнің 24 елінде өнер көрсетті және Челябинскіде "Турци" циркінің өрті кезінде жанып кеткен 1910 жылға дейін жеңіп алынған наградаларды есептемегенде, барлығы 48 түрлі медальға ие болды.

Қажымұқан спорт әлеміндегі жетістіктерімен даңқты болуымен бірге, асыл және дана адам ретінде есте қалды. Ол өз халқының игілігіне риясыз қызмет жасады, бірақ ешқашан байлықты мақсат еткен емес. Палуан ХХІ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары арасында үлкен құрметке ие болды.

Оның ғұмырбаяны аңыздар мен таңқаларлық ерекше оқиғалармен өрілген, ол туралы "Әлемге әйгілі палуан"экспозициясында ұсынылған кітаптар баяндайды.

Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмірбаяны "Астана тарихы" кітабында ұсынылған. Онда палуанның өмірі жайында нықтылы апараттар берілген. "Қазақстан тарихы" (Т.3) суретті энциклопедиядан ұлы балуанның өмірі туралы қызықты мәліметтермен танысуға болады.

Петр Филипович Матущактың «Наследники Кажимукана» кітабы Қажымұқан Мұңайтпасов туралы эссемен ашылған. Бұдан әрі Амангелді Ғабсаттаров пен Әбілсейіт Айханов тәрізді атақты екі балуанның күрестегі жолы баяндалады. Осы автордың «Батыры на ковре» кітабында Қазақстандағы күрес тарихы мен ұлы спортшылар өмірі жайында құнды мағлұматтар бар.

Виктор Федорович Подрезовтың "Седые были Иртыша", "Сила титанов" еңбектерінде Шығыс Қазақстандағы күрес мектебінің тарихы мен көрнекті тұлғалар туралы бірегей ақпараттар жинақталған.

Көрмеге қойылған әдебиеттер ұлы палуанның тағдыры мен жетістіктері, күрес өнері және онда ерекше көзге түскен кейбір жарқын спортшылар өмірі жайында әңгімелейді.

Қазақстан келешек ұрпақтың рухани күш-жігер алуы үшін батырлар есімдеріне тағзым етеді. Бұл экспозиция біздің осы абыройлы іске қосқан аз ғана үлесіміз.

Сіздерді осы көрмемен танысып, әйгілі палуан өмірінен қызықты және танымдық мағлұматтар алуға шақырамыз.

 

Байланысшы: Сачкова Ю. В.
Байланыс тел.: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26055979
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102