Абай мұражайы маманымен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 16.05.2020 17:46
18 мамыр сағат 16.15-те Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызымен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы онлайн-кездесу өткізеді. Онлайн-кездесу барысында «Абай музейі - рухани орталық» тақырыбымен Хакім Абай шаңырағының өткен тарихы, ғылыми әлеуеті, 175 жылдыққа арналған іс-шаралар жоспары мен музейдің жаңа экспозициясы туралы әңгімелейді.
Мейрамгүл Сейітжапарқызы ұлы Абай мұрасының зерттелуіне, жиналуы мен сақталуына өз үлесін қосқан білікті маман. «Қалың елім, қазағым», «Евгений Онегин», «Сәулең болса кеудеңде...», «Абай туралы естеліктер» (2017), «Абай мұражайының жәдігерлері» тағы басқа музей қорында сақтаулы қолжазбалар мен сирек басылымдардың баспаға дайындау жұмыстарын ұйымдастырды.
Музей қорында сақталған Мейрамгүл Қайрамбаеваның қолжазбалар мен сирек кітаптардың, архив деректерінің сипаттамасын қамтитын «Абай мұражайы қорының сипаттамасы» жолкөрсеткіш зерттеушілер мен музей қызметкерлері үшін таптырмас басылым.
2009 жылы Санкт-Петербург қаласындағы Мәдениет және өнер университетінде «Музейлердегі қор жұмысы» және 2016 жылы Пекиндегі Мәдениет саласының басшыларын дайындайтын Академияда біліктілік курстарынан өтті.
Байланысшы: Кемешева Меруерт, +77052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26322021
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы