homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВБалаларға арналған әлем бестселлері - қазақ тілінде
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Балаларға арналған әлем бестселлері - қазақ тілінде

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 1 маусым күні сағат 15.00 де А.С. Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен бүгінгі жаңа толқын аудармашы, кәсіпкер, «Steppe World & Publishing» баспасының негізін қалаушы – Раиса Қадырқызы Сайранмен оның фейсбуктағы Raisa Raya Sairan Qader жеке парақшасында онлайн кездесу өтеді.

Раиса Қадыр - Моңғолия мемлекетінде туып, көп жыл Таяу Шығыс, Ұлыбритания, Германия мен Нидерландта тұрған. Каирдағы Америка университетінде саясаттану және гуманитарлық бағыттар, Лондон университетінде шығыстану, Ерасмус университетінде қаржылық менеджмент саласы бойынша білім алған. Әлемнің жеті тілін жетік меңгерген, полиглот маман.
Раиса Қадыр аударма ісіне ден қойып, бірнеше кітапты тәржімалаған. Ол басқаратын «Steppe & WORLD Publishing» баспасы балаларға арналған Жулия Дональдсонның «Ақын Қоян», «Груффало», Эрик Карлдың «Қомағай Жұлдызқұрт», сондай-ақ «Анна Франктің күнделігі» секілді кітаптарды қазақ тіліне аударып, шығарған. 2020 жылы аталмыш баспа жас оқырмандарға Жоан Роулиңтің «Хәрри Поттер мен пәлсапа тас» және «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме» атты кітаптарын қазақ тілінде ұсынды.
Сондай-ақ, бельгиялық жазушы, ақын Элен Дельфорж жазған, «Мама» кітабын тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, баспадан шығарды. Бұл еңбек еуропалық кітап көрмелерінде үлкен жаңалық болып, халықтың зор қызығушылығын тудырған болатын.
Осы кітапта әр дәуірдегі, әр континенттегі ана тағдырының қуанышы мен қайғысы өлең түрінде суреттелген. Автор ана махаббатының қаншалықты терең екендігін көрсетеді. Қазір өлеңмен жазылған «Мама» басылымы заманауи кітаптар арасында ең танымал шығармалар қатарына кіреді.
Олай болса, құрметті оқырман, Райса Қадырмен онлайн сұхбатты бізбен бірге тамашалауға шақырамыз. Ұлтжанды, балалар жанашыры, жас кәсіпкермен пікір алмасып, өздеріңізді қызықтырған сұрақтарыңызға жауап алуға болады.

Байланысшы: Құдайбергенова Н.К.
Тел: 26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26327656
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102