homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРежиссер, продюсер Тұрдыбек Майданмен онлайн сұхбат
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Режиссер, продюсер Тұрдыбек Майданмен онлайн сұхбат

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 28 мамыр күні сағат 16.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен режиссер, продюсер, «Аңызфильм» киностудиясының директоры Тұрдыбек Майданмен онлайн сұхбат өтеді. Онлайн кездесу инстаграм әлеуметтік желісіндегі @turdybek_maidan парақшасында өтеді.

Тұрдыбек Майдан - Жүргенов Т.Қ. атындағы «Ұлттық Өнер Академиясының» «Режиссура және Анимация» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2010 жылы жақсы нәтижемен бітіреді. Өнердің қара шаңырағында Қазақ анимациясының атасы Әмен Қайдаровтай ұлы ұстаздың тәлімін игеріп, батасын алады. 2008 жылы студенттер арасында тұңғыш «Әлін білмеген...» атты курстық жұмыс жасап жаңалық әкеледі; 2010 жылы Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясында жасаған «Ақ қаз» мультфильмі 2012 жылы Алматыда өткен халықаралық Шәкен жұлдыздары кино фестивалінде «Үздік ұлттық мультфильм» номинациясын жеңіп алған. 2013 жылы «Тастүлек» атты қазақ құсбегілік тақырыбындағы анимациялық фильмді, 2014 жылы Қазақстан ұлттар ассамблеясының 20 жылдығына арналып жасалған «Бақыт жолында» атты өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ерекше маңызға ие анимациялық фильмдерді жасады. Сонымен бірге 2018 жылы жастарды отансүйгіштікке баулыйтын «Мұзбалақ» атты толық метражды анимациялық фильмі Қазақстанның кинематографистер одағы тағайындаған «Құлагер» сыйлығы – «Үздік анимациялық фильм» жүлдесімен марапатталған. Бұл фильм Ресейде өткен 14 Халықаралық «Отбасымен бірге» фестивалінде арнайы жүлдеге қол жеткізді. 2018 жылы балапан телеарнасына «Аққұс» атты балаларға арналған 12 бөлімді мелодрама жанрындағы телехикаяны түсіріп ұсынды.
Олай болса, баршаңызды жас режиссермен әдемі сұхбат құруға шақырамыз!

                                                                                                                          Байланысшы: Гүлнұр Зұлқаршын, 87758301250

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26335127
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102