homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

ҚР Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі № 3443 жарлығына сәйкес 31 мамыр елімізде жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Бұл күні жазықсыз жапа шегіп, атылған, лагерьге қамалған, күдікті ретінде жала жабылып, зәбір шеккен адамдар еске алынады. Сіздердің назарларыңызға біздің кітапхана сол саяси қуғын-сүргін жылдарына арналған «31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» әдебиеттердің тақырыптық көрмесін ұсынады.

Қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті, нәубет пен зобалаң жылдарды, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің шығу себебі мен салдарын, тұтас тарихы туралы деректерді «1937-2007 Тауқымет пен тағзым», Т.Омарбековтің «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті», «Трагедия казахского аула 1928-1934» және т.б. көрмеге қойылған кітаптардан  таба аласыздар.
1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамеджан Тынышпаев, Ілияс Жансүгіров, Абдулла Розыбакиев, Санжар Асфендияров және тағы басқалар ату жазасына кесілді. Олар туралы көрмедегі М. Құл-Мұхаммедтің «Алаш» бағдарламасы: қиянат пен ақиқат», С. Аққұлы «Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы», «Алаштың алыптары», «Мұхамеджан Тынышпаев», «Жаһанша Досмұхамедов» және т.б. кітаптарынан деректер табасыздар.
Ешқандай айыбы жоқ әйелдері, отбасы мүшелері, жақындары жазаланды. Олар үшін арнайы лагерьлер құрылды, мысалы «АЛЖИР»-отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері. Талайлардың тағдырын тәлкек еткен мекеме  ХІІҢК бұйрығымен  1937 жылы 15 тамызда  Ақмола қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Төңкеріс (Малиновка) елдімекенінде құрылды. «АЛЖИР» лагері 30 га жерді алып жатты. Т. Қосуақтың «Азапты арқалаған арулар» кітабындағы естелік-әңгімелерінде халқымыздың аяулы қыздарының бесіктен белі шықпай жатып түртпекке түсіп, өмірдің бар қиындығын көріп, сол қиындыққа қарсы тұра алған аянышты өмірлері суреттеледі.
Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері)  лагерінде әлемге әйгілі ғалымдар, дәрігерлер, әскери басшылар, мәдениет қайраткерлері, саясаткерлер, діни атағы бар азаматтер болды. Көрмеге қойылған үш тілдегі «Қарлагтың қара қарындашымен. Черным карандашом Карлага.Karlag in Black Pencil» кітабында жазықсыз жазаланып, Қарлаг лагерінде айдауда болған саяси қуғын-сүргін құрбандары–суретшілердің еңбектері топтастырылған.
.Қызыл террор бүкіл ел аумағына жайылып, соның ішінде, біздің Шығыс Қазақстан елінде де кеңінен өріс алды. Көрмеде Шығыс Қазақстандағы қуғын-сүргін жылдары жайында тарихи-танымдық ақпарат ұсынатын әдебиеттер,  репрессияға ұшыраған жазушылар мен ақындар туралы кітаптар қойылған. Мысалы: «Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов – Отан патриоттары», М. Шаяхметовтың «Ғасыр асулары», М. Мусин «Түнекте тұншыққандар», «Книга скорби «расстреленные списки». Сонымен қатар ел ішіндегі қуғын-сүргін, ашаршылық, халықтың ауыр тағдырын З Жәкеновтің «Зұлмат», М. Әбдәкімұлы «Зобалаң» деректі әңгімелерін оқи аласыздар.

Егер сіз өзіңізге  қажетті кітаптың электрондық нұсқасын алғыңыз келсе, біздің кітапхананың құжатты электронды жеткізу қызметіне хабарласыңыз.

                                                                                                                                                                                                                                                 Байланысша: Жанузакова Райхан, тел.261333

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339994
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102