Шалқар Рысханов: «Бүгінгі Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебі»
- Толығырақ
- Құрылды 31.05.2020 16:47
2020 ж. 2 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері, әрі көркемдік жетекшісі Шалқар Рысхановпен «Бүгінгі Алтай-Тарбағатай күйшілік мектебі» тақырыбында Инстаграм желісі @barshin_abilgazinova парақшасында тікелей эфирде сұхбат жүргізді.
Шалқар Рысханов - 1979 жылы ШҚО Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1986-1996 жылдар аралығында Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия - интернатында білім алған. 1997 жылы Халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесіне халық аспаптары бөліміне оқуға түсіп, 2001 жылы аталған оқу орнын домбыра мамандығы бойынша тәмамдаған. 2002 - 2007 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының халық музыкасы факультетінің сырттай бөлімінде оқыды. 2003 - 2013 жылдар аралығында ШҚО Мемлекеттік филармониясының "Алтай" фольклорлық ансамблінде қызмет атқарды. 2013 жылы аталған өнер ұжымының көркемдік жетекшісі.
2014 жылдан бері Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет етуде. 2012 жылы ШҚО әкімінің "Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін" сыйлығының лауреаты атанды. 2013 жылы ШҚО әкімінің "Кәсіби қызметкер" байқауында "Өз саласының үздігі" кубогын жеңіп алды.
Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестріне Шалқар бас дирижер болғалы Өскемендегі қазақ руханияты жанданып, ұлттық әуендермен қала тұрғындарын сусындатып жүр. Аталмыш өнер ұжымы көрермен талғамына қарай қазақтың ұлттық мәдениетін ғана емес, шетел классиктерінің, қазіргі заманауи және әлемге танымал сазгерлердің туындыларын орындап, көрермендер көңілінен шығуда.
Тікелей эфир барысында Шығыс Қазақстан өңіріндегі күйшілік өнер, жалпы күй өнерінің тарихы мен Байжігіт бабамыз туралы әңгіме болды. Онлайн кездесуді мына сілтеме арқылы көруге болады: https://youtu.be/gqpvJa72axk.
Байланысшы: Гүлбаршын Абылгазинова, тел. 87056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26057625
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы