homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВРиддер тарихи-өлкетану музейіне онлайн экскурсия
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Риддер тарихи-өлкетану музейіне онлайн экскурсия

19 маусым күні сағат 15.00-де Риддер тарихи-өлкетану музейінің Facebook парақшасында онлайн-экскурсия өтеді. Виртуалды экскурсия барысында сіздер суретші Юрий Георгиевич Хабаровтың "Абай және оның замандастары" атты акварельді портреттер топтамасымен танысасыздар.

Юрий Георгиевич Хабаров – республикалық және Бүкілодақтық өнер фестивальдерінің лауреаты, Риддер қаласының Құрметті азаматы, Риддер тарихи-өлкетану мұражайының негізін қалаушылардың бірі. Бастапқыда Юрий Георгиевичтің тегі Рерль болған, суретші Қазақстанға жер аударылған Еділ бойы немістерінің отбасынан шыққан. Юра ауыл мектебінде қазақ тілін үйреніп, бала кезінен Абай Құнанбайұлы шығармашылығының лирикалық сұлулығы мен философиялық тереңіне бойлап өсті.
Абай циклы бойынша Юрий Хабаров жарты ғасырдан астам уақыт еңбек етіп келеді және ол үшін сурет салудың ең күрделі әрі нәзік техникасының бірі – акварельді таңдады. Қазір де, 90 жасқа келгеніне қарамастан Юрий Георгиевич белсенді жұмысын жалғастыруда. Бүгінгі күні суретші мұрағатында Абайдың өміріне арналған 100-ден астам картина бар. Қыл қалам шебері ақын замандастарының естеліктерін ықтиятпен жинап, тарихи құжаттар мен абайтанушылардың еңбектерін терең зерттеу арқылы портреттік ұқсастыққа қол жеткізді.
Музей экспозициясында портреттермен қатар Абай заманында жарық көрген кітаптар мен газет-журналдар ұсынылған. Сондай-ақ, Риддер музейінде сақталған бірегей экспонат –19 ғасырдың ортасындағы түпнұсқаға келетін А.С. Пушкиннің өмірден өткеннен кейінгі бетпердесі сақталған.
Баршаңызды онлайн-турға қатысып, тарих беттерін парақтай отырып Абай дәуіріне саяхат жасап, Ұлы ойшылмен туыстық әрі рухани жақын болған тұлғалардың жүздерін көруге шақырамыз.
Экскурсияға қатысу үшін Риддер тарихи-өлкетану музейінің Facebook желісіндегі парақшасына жазылыңыз.

 

Байланысшы: Кемешева М.
тел.: 26-13-33 (119)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26341119
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102