homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТікелей эфир «Дәстүрлі БАҚ және салалық журналистика» жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Әбішқызы Сайрашпен онлайн кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тікелей эфир «Дәстүрлі БАҚ және салалық журналистика» жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Әбішқызы Сайрашпен онлайн кездесу

26 маусым 2020 жылы сағ. 15.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Sairash Abyshkyzy Facebook парақшасында педагог-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, ШҚО Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы» Әбішқызы Сайрашпен онлайн кездесу болады.

Сайраш Әбішқызы Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылында дүниеге келген. 1965-1967 жылдары Семей облысының Ақсуат ауылында мұғалім, аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған. 1965 жылы Қазақ педагогикалық институтына (қазіргі ҚАЗҰПУ) түсті, 1971 жылы осы институттың аспирантурасын бітірді. 1971-1977 жылдары «Социалистік Қазақстан» (Егемен Қазақстан) газетінде кіші, аға ғылыми қызметкер, 1977-1983 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналының жауапты хатшысы, 1983-1987 жылдары «Қазақстан мектебі» журналында бас редактордың орынбасары, 1987-2011 жылдары журналдың бас редакторы қызметтерін атқарды.
1994-2000 жылдары ҚР-дың шетелдермен достық және байланыс қоғамының «Ағайын-бауыр»қауымдастығының басқарма мүшесі болды. Қазақстан Журналистер Одағының, Ыбырай Алтынсарин медалімен, Қазақстанның Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Құрмет орденімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Тәуелсіз платиналы Тарлан сыйлығының иегері, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарымен марапатталған. 2004 жылы Тарбағатай ауданының құрметті азаматы атағы берілді.
Ұлттық журналистикада өз қолтаңбасы бар, редакторлық төл мектебін қалыптастыра білген, жан дүниесімен қоғам ілтипатына бөленген журналист. Қаламгердің «Бавария сабақтары» жолжазбасы, «Жыр арқауы – бейбітшілік», «Нұрлы жол», «Оттай ыстық он жыл» кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленген. Қолымыздағы «Шығармашылық шырағым – бақ жұлдызым» кітабы (2019 жыл шыққан) көп жылғы қаламы жүрдек журналистің іскерлігі мен ізденімпаздығының жемісі. Өз ұлтының перзенті, ана тілінің қамқоршысы, жас ұрпаққа жаны ашитын ұстаз, талғамы биік зерттеуші. Педагогикалық басылымдардың өсуіне қомақты үлес қосқан, қазақ журналистикасына ерен еңбегімен халық марапатына бөленген қайраткер.
Қадірменді оқырман қауым, сіздерді ұстаздардың ұстазы бола білген, қазақ ұлтының перзенті, тілші, ғалым-ұстаз Сайраш Әбішқызымен болатын онлайн кездесуге шақырамыз.
                                                                                                                                        Байланысшы: Темешева Нургуль Аскерхановна

 

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26053090
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102