«Абайға бастар жол»: Борис Щербаков
- Толығырақ
- Құрылды 29.06.2020 14:15
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай «Абайға бастар жол» атты онлайн кездесулер циклін бастайды. Кездесуге өзінің кәсіби қызметі аясында Абай шығармашылығын зерттеумен айналысатын белгілі абайтанушы-ғалымдар ғана емес, Абай өмірінің терең философиясына еніп, «өзінің» Абайын іздеу жолында жүрген жандар да тартылады.
Алғашқы кездесу 30 маусым сағ.15.00-де натуралист жазушы, орнитолог-ғалым, биология ғылымдарының кандидаты, КСРО және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Борис Васильевич Щербаковпен өтеді. Борис Щербаков ¬¬– 35 кітаптың авторы, олардың қатарында: «Путь к Абаю», «Жидебайдың жұлдызды даласы»/«Звёздная степь Жидебая», «Шығыс Қазақстан-Еуразия жүрегі»/«Восточный Казахстан – сердце Евразии». Онда автор бізге Абай әлемін өзін қоршаған табиғат көрінісімен байланыстыра отырып ұсынады.
Онлайн кездесу «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының» @pushkinlibrary Фейсбук парақшасында өтеді.
Байланыс тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26337073
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы