«Бір ақынның сау болса тіл мен жағы...» айтыскер ақын Фархат Маратұлымен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 14.07.2020 08:47
15 шілде күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жас айтыскер-ақын Фархат Таянкеновпен онлайн-кездесу өткізді.
Фархат Таянкенов 1987 жылы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Сұлусары (Игоревка) ауылында дүниеге
келген. Мектеп жасынан бастап дарынды жасөспірім қалалық, облыстық, республикалық ақындар арасындағы сайыстарға қатысады.
"Наркескен" жас ақындар мектебінде оқып, шешендік өнер саласында өз шеберлігін арттырады. Жүрсін Ерманов ұйымдастырған "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" күніне арналған суырып салма ақындар байқауына қатысады. 2010 жылы Фархат Таянкенов Алматы қаласында, өнерін жаңадан бастаған ақындардың шеберліктері шыңдалатын "Арда" жас ақындар клубын ашты.
Фархат Маратұлы көптеген республикалық, халықаралық айтыскерлер сайыстарының жүлдегері, оның ішінде Ташкенттің 2200 жылдығына арналған байқаудың Гран-при иегері (Өзбекстан, 2009); Ховда қаласында өткен халықаралық ақындар айтысының 1-ші орын иегері (Моңғолия, 2019). Сонымен қатар ол шығармалар жинағының авторы және бірнеше әндердің сөзін жазған.
Қазіргі уақытта ата-бабаларының даңқты дәстүрлерін жалғастырып, Көкпекті аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеуде.
Байланысшы: Зұлқаршын Гүлнұр, тел.: 87758301250
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26053090
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы