«Дәстүрлі ән-өнердің інжуі»
- Толығырақ
- Құрылды 24.07.2020 18:23
«Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай, елең-селең»
Абай
28 шілде күні Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік филармониясының әншісі, Әмре Қашаубаев атындағы конкурстың бас жүлдегері Перизат Тұраровамен «Дәстүрлі ән-өнердің інжуі» тақырыбы бойынша онлайн сұхбат өтті.
Перизат Тұрарова 1984 жылы ШҚО, Аягөз қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
Перизат Тұрарова дәстүрлі әнді дамытуда аянбай еңбек етіп келе жатқан әншілердің бірі. П.Тұрарованың насихаттауында Әсеттің, Үкілі Ыбырайдың, Ақан серінің, Біржан салдың әндері көрерменге ұсынылып, тыңдаушысын тәнті етіп келеді.
Перизат Тұрарова - көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері. Сонымен қатар мемлекеттік мерекелерде түрлі мәдени іс-шараларда ән салып, қазақ дәстүрлі ән өнерін биікке көтеріп келеді.
Перизат халық әндерін тынбай насихаттап, ұлттық өнердің мерейін асырып жүрген таңдаулы әншілердің бірі.
Тікелей эфир барысында Перизат халық әндерін орындап олардың ерекшелігі мен құндылықтары туралы әңгіме құрды және тыңдаушылардың сұрақтарына жауап бердіі. Тікелей эфирдің жазылымымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.facebook.com/100005216293146/videos/1551615885022273/.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай, тел. 8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы