Мемлекеттік тіл – ұлт мәртебесі
- Толығырақ
- Құрылды 04.08.2020 22:16
Тамыз айының 11 күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы директорының орынбасары Надежда Шушаниковамен тікелей эфирде сұхбат жүргізді. Онлайн кездесу қазақ және орыс тілдерінде Facebook желісінде @Шығыс Қазақстан Лингвистикалық орталығы парақшасында өтті: https://www.facebook.com/profile.php?id=100011337724890.
Надежда Шушаникова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні оқытушысы және "Әдебиеттану" мамандықтарын игеріп, кейін филология магистрі біліктілігін алған.
2010 жылы Надежда Александровна Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығында қазақ тілі пәні оқытушысы қызметін бастайды. 2015 жылы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығымен коммуникативтік тілдік құзыреттілік бойынша қазақ тілін С1 жоғары деңгейде меңгергені жөнінде сертификат алады.
60 сағаттық "Тілашар" бағдарламасы бойынша қала тұрғындарын, 72 және 120 сағаттық бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметкерлер мен мемлекеттік қызмет көрсететін мекеме қызметкерлеріне қазақ тілін үйрете отырып, Надежда Александровна халықтың әртүрлі санаты мен топтарына тілді оқытуда үлкен тәжірибе жинақтады.
Н.А.Шушаникова мемлекеттің тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін республикалық және облыстық деңгейдегі алғыс хаттар және грамоталармен марапатталған.
Онлайн кездесу қонағы – мемлекеттік тіл жанашыры қазақ тілін оқыту барысындағы тәжірибесімен бөлісіп, Лингвистикалық орталықтың оқыту бағдарламалары туралы әңгімелеп, тікелей эфирге қатысушылар, қызығушылық танытқан облыс тұрғындары мен кітапхана оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Байланысшы: Қыдырова Назгүл, тел:87056483926
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26341799
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы