Абай музейі - даналық музейі
- Толығырақ
- Құрылды 05.08.2020 15:24
2020 ж. 14 тамызында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің директоры Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлымен А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Абай музейі - даналық музейі» тақырыбында Facebook желісі @Tұрдықұл Қасенұлы Шаңбай парақшасында. онлайн-кездесу өткізді.
Хакім Абайдың 175 жылдығына арналған онлайн-кездесу барысында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты тың деректер әңгімеге арқау болып, жалпы Абайдың қорық-мұражайының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы, мерейтойға арналған іс-шаралар жоспары туралы әңгімеледі.
Мұражайда Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметіне және қазақ елінің тарихы мен этнографиясына қатысты құнды мұрағаттар (архивтер), заттай айғақтар, сирек қолжазбалар, суреттер, көркемсуреттер, кино, дыбыс (фоно) таспалары, мемориалдық дүниелер, соның ішінде Н. Долгополов арқылы Семейдің өлкетану мұражайына тапсырылған Абайдың өзі жинаған экспонаттар орын алғаны жайында тыңдарман ақпарат алды.
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» - еліміздегі республикалық қорық-музейлердің ішінде өзінің тарихи тұлғаларға арналғандығымен ерекшеленеді. Ең алғаш Әуезовтің ұсынысы бойынша, үкімет қаулысымен, Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай 1940 жылы 16 қазанда Семей қаласында ашылған.
«Қазақстанның қасиетті жерлері» тізіміне «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ескерткіштері» деген атаумен Абайдың музей-үйі, Абай-Шәкәрім кесенелері, Абайдың аналары Ұлжан мен Зеренің мазары, Кеңгірбай би кесенесі, М. Әуезовтің музей-үйі, Шәкәрімнің саят қорасы енген.
Әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Тұрдықұл Шаңбай - белгілі энциклопедияшы маман, ғалым өзінің музейге және Абайдың өмірі мен шығармашылығына байланысты көптеген ойларымен бөлісті.
Тұрдықұл Қасенұлының ғылыми-зерттеу еңбектері, негізінен, әдебиет теориясы проблемаларына және Шәкәрім, Ахмет Байтұрсынұлы, М.Әуезов шығармашылығына арналған. Соңғы жылдары Шәкәрім шығармашылығына қатысты жинақтарды құрастырып, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын кешенді түрде зерттеуге атсалысқан. Атап айтқанда, «Ұғым мәдениеті» кітабының авторы. «Шәкәрім» энциклопедиясын, «Алаштану мәселелері» және «Халық тарих толқынында» сериялық ғылыми жинақтарын, «Восточная Алашорда» ғылыми жинағын, «Лев Гумилев» Тұлғалық энциклопедиясын құрастырушы.
Байланысшы: Кемешева Меруерт, тел. +77052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы