Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды
- Толығырақ
- Құрылды 07.08.2020 22:23
10 тамыз күні сағат 15.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі, профессор Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабаймен Facebook әлеуметтік желісіндегі @Серикказы Корабай парақшасында «Абай ілімі – ұлттың рухани-мәдени коды» тақырыбында онлайн-кездесу өткізеді.
Серікқазы Сыбанбайұлы Қорабай – белгілі қоғам қайраткері, елімізге танымал әдебиеттанушы-ғалым, Абай мұрасын зерттеуші, шежіреші, өлкетанушы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның Рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі комитетінің мүшесі.
Жерлесіміз С. Қорабай 1957 жылы Семей облысының Жарма ауданындағы Белтерек ауылдық округінде дүниеге келген. Өскемен педагогика институтының филология факультетін аяқтаған (1981). 1974-1976 ж.ж. Семей облысы Шар аудандық «Достық туы» газетінің әдеби қызметкері, «Белтерек» совхозы комсомол комитетінің хатшысы және спорт нұсқаушысы, 1981-1984 ж.ж. Белтерек орта мектебінде ұстаздық қызметтер атқарды. 1984 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қызметке шақырылып, ғылыммен айналысуда. 2009 жылдан бері институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Серікқазы Сыбанбайұлы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Аягөз және Жарма аудандарының Құрметті азаматы.
Ғалым онлайн-кездесу барысында қазіргі уақыттағы абайтанудың бағыттары, мәселелері, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралары, Абай шығармаларының жаңа жинағын басып шығару жоспары жайында әңгімелейді.
Байланысшы: Кемешева Меруерт, тел. +77052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26334866
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы