Жанжал: одан шығу стратегиясы
- Толығырақ
- Құрылды 12.08.2020 05:33
Тамыз айының 14 күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен ШҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Мельникова Кристинамен онлайн-кездесу болды. Тікелей эфир @vkocfzog Instagram желісінде «Жанжал: одан шығу стратегиясы» тақырыбында өтті.
Кез-келген адам біреумен ренжісіп немесе қарым-қатынасын бұзса, міндетті түрде көңілсіз күйде болады. Әдетте, адамдардың көпшілігі осы жағымсыз сезімдерден өз бетінше арыла алмайды. Нәтижесінде оның өзінің ғана емес, оның туыстары, жақын араласатын адамдары мен әріптестерінің денсаулығы зардап шегеді. Психолог Кристина Мельникова онлайн-сұхбатында жақын достарыңмен, отбасы мүшелері және қызметкерлер арасындағы жанжалды сындарлы реттеу техникасы жайында әңгімелейді. Жанжалдан сауатты шығу мүмкіндігі адамның әл-ауқатын жақсартып, жұмыс қабілеттілігі мен белсенділігін арттырады.
Мельникова Кристина ҚАЕУ-ін "Әлеуметтік білім психологы" мамандығы бойынша тәмамдаған, ІХ Халықаралық жас ғалымдар форумының дипломын иеленген, "BLISS" орталығының "Қарым-қатынас ресурс ретінде" психологиялық гештальт-марафонына, ШҚО Қоғамдық келісім орталығы – Достық үйінің «21 ғасырдың көші-қон мәселелері және қоғамды жаңғырту» және толеранттылық мектебінің «Мәдениетаралық кеңістікті қалыптастыру және жастар арасында диалогты дамыту» атты семинарларына қатысқан.
Кітапхана оқырмандары мен инста-пайдаланушыларды онлайн кездесуге қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды!
Байланысшы: Қадырова Назгүл, тел. 87056483926
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26336205
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы