homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАлмат Сақатов: «Өнерім - өмірім»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Алмат Сақатов: «Өнерім - өмірім»

Театр және кино актері, сатирик,  жерлесіміз Алмат Сақатовпен кітапханамыздың библиографы Гүлбаршын Абылгазинова  «Өнерім – өмірім» тақырыбында тікелей эфирде салихалы сұхбат өткізді.

Актерлік – Алла берген сый, әкенің қаны, ананың сүтімен даритын ерекше қасиет. Сонымен қатар, актер – адам, актер – тұлға. Ал актерды тұлға жасайтын – еңбегі деп жатамыз. Өзінің еңбегімен, талантымен танымал, Бауыржан Ибрагимовтың әзіл шеберxанасынан түлеп ұшқан өнер иелерінің бірі – жерлесіміз Алмат Сақатов.  
Алмат Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл өңірінің тумасы. Қазақ өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Марат Сақатовтай асылдың сынығы. Марат Сақатов – «Тамаша» әзіл-сықақ тетарының негізін қалаушы, «Бауыржан шоудың» режиссері болды. Алмат та өнердің құнын түсінетін, оның құндылығын ұғындыра білетін белгілі театр және кино актері, сатирик.
Кезінде өнерсүйер қауым «Бауыржан шоу» театрын отбасымен, ауылдағы көршілермен бірге асыға күтетін еді. Балалар мен жастар осы театрдағы жас актерлардың  жалындаған жігеріне, кәсібіне деген риясыз махаббаттарына  сүйсініп, еліктеп өсті. Алмат Сақатовты өнерсүйер қауым сол сахнадан таныды, өнеріне қол соқты.
«Қазір кино саласында жүрмін. Жақында отандық бірнеше телехикаяларға түстім. Адам бойында қанша жаман қасиет болса, соның барлығын кинода ойнадым. Қазір теріс рөлдерге түспеймін. Өйткені, бір образда қалып қойғым келмейді. Жалпы, қазақстандық кино саласының қарқынды дамуы қуантады» – дейді актер.
Шын мəнінде актер табысты мамандық па, актер болу əркімнің қолынан келе ме, сұранысқа ие маман болу үшін не істеу керек? Сахнадағы, кинодағы рөлдері, жалпы шығармашылығы, карантин кезіндегі жеке өмірі туралы Алмат Сақатов өзінің тікелей эфирдегі сұхбатында әңгімелемекші.
Актер жаны – кейде сыршыл, кейде жыршыл, кейде жарқын, кейде тұйық, кейде мұңды келеді. Жерлесіміз Алмат Сақатовтың әңгімесін мына сілтеме арқылы тыңдауға болады: https://www.instagram.com/tv/CEEzRrgg9Lu/?utm_source=ig_web_copy_link

sakanov5 almat91 sakatov35 almatsakatov

 

                                                                                          Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26338216
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102