homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАйнұр Омар: Журналист жолы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Айнұр Омар: Журналист жолы

Қазақстан Ұлттық телеарнасының журналисі Айнұр Омар тікелей эфирде кітапхана маманы Гүлбаршын  Абылгазинова және оқырмндар мен Инстаграм-достарымыздың сұрақтарына жауап берді. «Журналист жолы» тақырыбындағы әсерлі және танымдық онлайн-кездесу тыңдарманның көңілінен шықты.

Айнұр Омар 1984 жылы Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында педагогтар отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебінен кейін білімін Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы гимназия-интернатында жалғастырады. Гимназия қабырғасында ҚР Еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бітібаеваның авторлық сыныбына қабылданып, бірнеше мәрте қалалық, облыстық пән олимпиадаларының, түрлі шығармашылық байқаулардың жүлдегері атанады. Сондай-ақ, 9 сыныптан бастап облыстық «Дидар» газетінің штаттан тыс тілшісі болып, мақалалары жарық көре бастайды. Айнұр әкесі Болат Омаровтың (дене шынықтыру пәнінің мұғалімі) жолын қуып, спортпен де белсенді шұғылданады. Дзюдодан қалалық, облыстық жарыстардың жүлдегері, сондай-ақ 2001 ж. Қарағанды қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирден жүлделі 3 орын алып, спорт шеберлігіне кандидат нормативін (КМС) орындайды. 2002-2006 жж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ журналистика факультетінде білім алады. Айта кету керек, журналистика бөлімі бұған дейін тек орыс тілінде маман даярлаған. Айнұрдың бастамасымен, сол жылғы түскен абитуриенттер үшін арнайы қазақ бөлімі ашылып, қазіргі күнге дейін қазақ тілді БАҚ мамандарын даярлауда.  
А. Омар бірінші курстан бастап облыстық «Қазақстан-Өскемен» телеарнасында жұмыс істеп, Жаңалықтар тілшісі, бірнеше хабардың жүргізуші-редакторы болды. 2006 жылдан бастап қызметін Астана қаласында «Астана», 7 арна телеарналарында жалғастырдып, өткір сюжеттерімен елге танылды. 2013 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық арнасында қызмет етіп келеді. Оның  Моңғолия қазақтары туралы жасаған материалы, Арыс туралы арнайы жобасы көпшіліктің көңілінен шықты.
 Айнұр Республикалық, халықаралық байқаулардың гран-при иегері. 2017 ж. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Күміс жаршысы» медалімен, 2019 ж. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шешімімен «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.  
 «Мен қазір 35 жастамын. Қазақстандық журналист үшін мен «зейнет» жасындамын. Өйткені біздің елде 40 жастан асқан журналистер бастық болып кетеді, сюжет жасауға ерінеді. Мен ондай болғым келмейді. 70 тен ассам да микрофонымды алып, ел ішінде жүргім келеді. Қазақстан телеарналарында басқа контент жасасам деген ойым бар» - дейді Айнұрдың өзі.
Журналист Айнұр Омармен өткен қызықты да тартымды сұхбатты мына сілтеме арылы көріңіздер: https://www.instagram.com/tv/CECO4qmnTXo/?igshid=wa8umuklr5iw.

 

ainur omar128 ainur omar5 ainur omar126  


                                                      Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337362
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102