Танагөз Толқынқызы: Өлең өресі және ақын
- Толығырақ
- Құрылды 17.08.2020 00:47
2020 ж. 17 тамыз күні кітапханамыздың ұйымдастыруымен Инстаграм әлеуметтік желісіндегі @tanagoz парақшасында ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі «Біз – таулықпыз», «Сағынып жүрмін», «Айтқым келеді» атты жеке жыр жинақтарының авторы Танагөз Толқынқызымен онлайн сұхбат өтті.
Танагөз Толқынқызы 1977 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Туған қаласында республикалық қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын №2 мектепті, Әлем тілдері университетін үздік тамамдағаннан кейін «Болашақ» стипендиясын иеленіп, Францияның Страсбург қаласындағы Роберт Шуман университетінде халықаралық құқық факультетінде дәріс алған.
Өлеңді мектеп қабырғасында жүріп жаза бастаған. Алғашқы өлеңі 1988-жылы республикалық «Пионер» журналында басылған. «Поэзия көктемі», жыл сайын өтетін «Жас толқын» фестивалінің әдебиет номинациясы бойынша, «Қазақтың ақын қыздары» атты республикалық мүшәйраларда бас жүлденің иегері. Артығали Ыбыраевқа арналған республикалық мүшәйрада , халықаралық «Шабыт» фестивалінде және «Менің атым - Махамбет» атты телемүшәйраларда жүлделі орын алған. ТМД мемлкеттері арасындағы «Дебютанттар достастығы» атты халықаралық поэязия конкурсының лауреаты.
ҚР президенттік және мемлекеттік стипендияның, Ресей президенті Д.Медведев тағайындаған поэзия номинациясы бойынша халықаралық стипендияның иегері. Өлеңдері «Толқыннан толқын туады», «Қыз ғұмыр – жыр ғұмыр», «Жас ақындар жырларының антологиясы», «Жыр – десте», «Махамбетке тағзым» және «Мәртебелі поэзия» сияқты бірнеше жыр жинақтарына енген.
Көрермендер ақынмен кездесіп, әдемі өлеңдер тыңдап, салиқалы сұхбат құрды: https://www.instagram.com/tv/CD_p04Fn8xQ/?utm_source=ig_web_copy_link. Осы сілтеме арқылы тікелей эфирді жазылымын көріңіз.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай, 8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339691
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы