homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Айзаттың айшықты әлемі»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Айзаттың айшықты әлемі»

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы, сыншы, ұстаз Рақыш Айзат Серікқызымен «Айзаттың айшықты әлемі» тақырыбында тікелей эфирде 26  тамыз күні сағ. 15.00-де @barshyn_abilgazinova Инстаграмм  парақшасында әдеби сұхбат өтеді.

Айзат Рақыш 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Жиделі ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, 2002 жылы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қазақ филологиясы факультетіне оқуға түседі. Оқуын аяқтап, үлкен шығармашылық  ортаны аңсап Алматы қаласына келеді. Сол жылдан бастап тілшілік, жазушылық жолға түседі. Алғашқы әңгімелері республикалық «Мұқағали» журналында, халықаралық «Қазақстан Заманы» газетінде жарық көрген.
Ол өз ұлтының ұлық тілінде көркем жазып, қос прозалық жинағын оқырмандарына сый етті. 2015 жылы «Өлгендер қайтып келеді» тұңғыш прозалық жинағының тұсауын кесіп, оқырмандарына ұсынды. Бұл кітап үлкен қаламгерлер тарапынан оң бағасын алып, оқырмандарының жылы ықыласына бөленді. 2018 жылы автор өзінің екінші прозалық жинағының тұсауын кесіп, оқырмандарына «Мұз үстіндегі қызғалдақ» шығармасын ұсынды. Сонымен қатар, Айзат Рақыш 100-ден астам мақалалардың авторы. Қоғамдағы көкейтесті мәселелерді жұртшылық назарына ұсына білу де қаламгердің қанына сіңген.
Айзат Рақыш – республикалық «Алтын тобылғы» әдебиет жүлдесінің  «Жылдың үздік прозасы» аталымының 2018 жылғы жеңімпазы. Қаламгер «Тегімді менің сұрама» әңгімесі үшін осы жылы Ашық Еуразиялық әдеби фестивальде «Генералы мира за мир» аталымына ие болды.
Жазушының үшінші жинағы – «Балалықтың соңғы күзі» мемлекеттік тапсырыспен шығаруға жоспарланған. Қазір Айзат өзінің сыни жинағын әзірлеу үстінде.
Айзат Серікқызы «Қазақстан дәуірі» газетінде штаттан тыс тілші. Сондай-ақ, жас жазушы республикалық Жұлдыз, Мұқағали, Үркер журналдарында тұрақты автор ретінде танымал.
«Қуанарлық жайт сол – Айзат Рақыш әдебиет әлеміне өз даусымен, тың образ, ой стилімен, әлі ауызға  түсе қоймаған оралымдар, айшықтарымен келген  мәдениетті жас таланттардың қатарына жатады дер едім» деген      жазушы, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шерияздан Елеукеновтің пікірі де көптің де көңілінен шығуда.
Тікейлей эфир барысында Айзат Серікқызы өзінің шығармашылығындағы жаңалықтармен  бөлісіп, өз туындыларындағы басты  тақырыптар туралы сыр шертпекші. Сұрақ қойып, кездесуге қатысайық, ағайын.

Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26339691
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102