Онлайн кездесу: IT саласындағы қыздар
- Толығырақ
- Құрылды 26.08.2020 00:27
2020 жылы 27 тамыз сағат 18.00-де бағдарламашы, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ оқытушысы, кітапханамыздың еріктісі Әйгерім Исмухамедовамен «IT саласындағы қыздар» атты онлайн-кездесу өтеді. Әйгерім ZOOM платформасында (882 01503835 идентификаторы) өзінің бағдарламашы мамандығы туралы, бүгінде IT саласындағы нәзік жандылардың қандай рөл атқаратыны туралы әңгімелеп, қыздар неге жақсы бағдарламашы бола алатынына сенбейді, IT - әйел адамға тән мамандық емес деген стереотипті қалай жеңуге болатынына жауап беріп, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық жастар «Код сағаты», «Technovation» халықаралық бағдарламаларына, оның ішінде 10 жастан 18 жасқа дейінгі қыздарды бағдарламалау мен ІТ-оқытуға тартуға бағытталған бағдарламаларға белсенді қатысады. Мұндай қатысудың нәтижесі – қазақстандық қыздардың өз әлеуметтік мобильді қосымшасын құрып, жобаны қорғау үшін Сан-Францискоға әлемнің түкпір-түкпіріндегі 70 елден қыздар арасынан іріктелген алты финалист топтың құрамында болуы.
Мұндай акциялар қыздарды IT-мамандықтарды таңдауға шабыттандырады. Бағдарламалау мен IT-дағдыларды оқытуда қыздарға көбірек мүмкіндіктер жасау үшін ҮЕҰ-ның волонтерлік оқыту жобалары жұмыс істеуде, тегін онлайн-курстар мен Youtube каналында орыс және ағылшын тілдерінде бейнесабақтар өткізіледі.
27 тамызда өтетін «IT саласындағы қыздар» онлайн кездесуіне кітапхана және Facebook парақшамыздың оқырмандарын, сондай-ақ мамандық таңдап жүрген қыздарды шақырамыз. Бағдарламашы Әйгерім Исмухамедова IT саласында әйелдер де қызмет атқара алатындығын дәлелдейтін болады. Ендеше, бірге тыңдайық, достар!
Байланысшы: Тимур Шайдуллин. тел. 87776750304
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26325293
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы