Барлыбек Сырттанұлы және Қазақ заңнамасының тарихы
- Толығырақ
- Құрылды 28.08.2020 00:49
ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай «Барлыбек Сырттанұлы және Қазақ заңнамасының тарихы» тақырыбында жазушы, әдебиет сыншысы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбаймен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен @Yeldos Toktarbay Фейсбук парақшасында онлайн кездесу өтеді.
Барлыбек Сырттанов 1867 жылы Жетісу губерниясына қарасты Қарашоқыда дүние есігін ашқан. Барлыбектің арғы бабасы Қаптағай қол бастаған жаужүрек батыр әрі XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекетінің ірі қайраткері болған. Барлыбек Верный қаласында ашылған ерлер гимназиясында оқып, оны үздік аяқтайды. Мектеп директоры Д.Новак шәкіртінің оқуға деген таудай талабын байқап, Жетісу губернаторына Барлыбектің білімін университетте жалғастыруы үшін қаражат бөлуін сұрайды. Өтініші қабыл алынып, Барлыбек Сырттановқа арнайы стипендия тағайындалады. Барлыбектің Санк-Петербург университетіне аттанғаны туралы М.Тынышбаев: «Сондай қиыншылықта Жетісу деген бір түкпірден қазақ көрмеген я естімеген жерге Барлыбек марқұм жарық дүние көруге, кейінгілерге үлгі болып, жол көрсету үшін жалғыз кетті», – деп жазады («Қазақ» газеті, 1915, №95).
Барлыбек Сырттанұлы 1886 жылы Санк-Петербург университетінің шығыстану факультетіне оқуға түсіп, белгілі мамандардан дәріс алады.
Барлыбек Сырттанұлы 1911 жылы Санк-Петербургте бай кітапхананың мүмкіндігін пайдалана отырып, Әлихан Бөкейханұлының өтінішімен С.Б.Алашинский деген бүркеншік атпен Қазақ елінің алғашқы Конституциясын («Қазақ елі уставы») жазып шығады. Барлыбек жазған конституциялық еңбектің мәні – отарлық саясаттың зардабын тартқан қазақ елін өз алдына дербес мемлекет қылу болатын. 4 бөлім, 28 баптан тұратын құжат патшалық жандарм өкілдерінің қатаң бақылауына түсіп, оны Барлыбектің үлкен қызы Қанипа қиын-қыстау кезеңде жер астына көміп жүріп, әке мұрасын НКВД тырнағынан аман алып қалады.
«Барлыбек Сырттанұлы: өмірі, шығармашылығы», «Барлыбек туралы бірер сөз» кітаптарының авторы, алаш ардақтыларын зерттеп жүрген жас ғалым Елдос Тоқтарбай тікелей эфирде Барлыбек Сырттанұлы жайлы басқа да тың деректермен бөліседі.
Онлайн кездесу спикері – қазіргі таңда жастар арасынан шыққан белсенді қоғам қайраткері Елдос Тоқтарбай.
Байланысшы: Кемешева Меруерт Ниғметолдақызы, анықтама-библиографиялық бөлімнің жетекшісі, 87052819343
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы