Онлайн кездесу: «Бала құқығын құрметтеу»
- Толығырақ
- Құрылды 31.08.2020 11:19
Жаңа оқу жылының алғашқы күндері 2020 жылы 3 қыркүйек сағат 15-00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен Фейсбук әлеуметтік желісінің @Бакытгүл Калиева парақшасында тікелей эфир өткізеді.
1,5 мыңнан астам ауыр халдегі балаларды емдеуге көмек көрсеткен Қайырымдылық қордың директоры Аружан Саин балалар құқықтарын қорғау және құрметтеу жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары мен балалар проблемалары туралы әңгімелеп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап береді.
Кездесу барысында танымал тележүргізуші, Қазақстанның қоғам қайраткері, қамқор әйел әрі екі баланың анасы Аружан өз балаларымен ғана емес, барша бүлдіршіндер үшін жанын беретін табысты әйел болу тәжірибесімен бөліседі деген үміттеміз.
Аружан Саин өзінің балалық шағы туралы не дейді? Оның Қызылорда қаласында дүниеге келіп, қарапайым бала болғанын, балетпен әуестеніп, алғашқы ақшасын 13 жасында газет сатып тапқаны бізге белгілі. Және ол газетті қаражат тапшылығынан емес, өзін-өзі дамыту үшін сатқан екен.
Біз баршаңызды оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге 3 қыркүйек күні тікелей эфирде баршаға күнделікті өмірде бала құқықтарын сақтау мен құрметтеудің маңыздылығы туралы тағы бір рет еске салатын боламыз.
Байланысшы: Бақытгүл Қалиева, тел. +77011043060
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26330089
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы