homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВXXI ғасырдың икемді дағдылары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

XXI ғасырдың икемді дағдылары

«ХХІ ғасырдың икемді дағдылары» тақырыбында химия және биология пәндерінің мұғалімі, Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласы филиалының тартылған тренері Алма Оқасовамен онлайн кездесу кітапханамыздың шақыруымен өтті. Алма Тұрысбекқызы «21-ші ғасырдың икемді дағдылары» терминінің мағынасы, олардың білім беру жүйесі қалыптастыратын дәстүрлі дағдылардан айырмашылығы неде, бүгінгі күні балаларды тәрбиелеу мен оқытуда неге назар аудару керектігіне тоқталып, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

А.Т.Оқасова - химия пәнінен бағалауға арналған тапсырмалар әзірлеу және сараптау, оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын, креативті ойлауды дамыту курсы бойынша тренер. Алма Тұрысбекқызы бүгінгі таңда күрделі әлем жастардан заманауи кәсіби өмірдің тез өзгеретін талаптарына оңай бейімделуді талап етеді деп санайды. Сондықтан, қажетті базалық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс.
Ғалымдар адам қызметінің кез-келген саласында сұранысқа ие болатын «базалық дағдылар» жиынтығына келесі құзыреттер мен дағдыларды жатқызған: зейінді шоғырландыру және басқару; эмоционалды және цифрлық сауаттылық; шығармашылық және креативтілік; экологиялық ойлау; ұрпақ алшақтығын жеңуге, басқа мәдениет пен субмәдениеттерді түсінуге, олармен ортақ тіл табуға көмектесетін оқыту/өзін-өзі оқыту және мәдениеттілік қабілеті.
Кітапхана оқырмандарын және әлеуметтік желі пайдаланушыларын оқушылардың икемді базалық дағдыларын қалыптастыру мәселелері бойынша өткеін онлайн кездесудің жазылымын сілтеме арқылы көруге болады: .

 

okasova alma9 alma12 alma10 alma41 alma7
  alma11 alma6 alma8    

 

 

Байланысшы: Қыдырова Назгуль, тел.+77056483926

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26332683
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102