«Алаш рухын арқау еткен жазушы»
- Толығырақ
- Құрылды 06.09.2020 14:41
9 қыркүйек күні сағат 20.00-де А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, әдебиет, тарих зерттеушісі, сыншы, Қазақстан Жазушылар одағы және Еуразия Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлымен «Алаш рухын арқау еткен жазушы» тақырыбында @Жади Шакенулы фейсбук парақшасында тікелей эфирде сұхбат өтеді.
Жәди Шәкенұлы 1967 жылы Қытай аумағына қарасты Алтай аймағында – Ертіс өзені жағасында дүниеге келген. 1985 жылы Алтай аймақтық педагогика мектебін, 1991 жылы ШҰАР ағарту инситутын, 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік унверситетінің аспирантура (филология) бөлімін тәмамдаған.
Алтай қаласына қарасты Шірікши ауылында мұғалім, қалалық радио-телевидения мекемесінде диктор, қала әкімі кеңсесі меңгерушісінің орынбасары, ШҰАР қазақ радиосында тілші, т.б. қызметтер атқарған. 1997 жылы атажұртқа оралған.
«Шалқар-2» газетінде бас редактордың орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі, «Үн» журналының бас редакторы, Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы, «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазір Қоянды орта мектебінде директор.
Жәди Шәкенұлының «Ақбота», «Балқаймақ», «Қытайдағы қазақтар», «Бір уыс сәуле», «Қаралы көш», «Жалғыздың үні», «Ақбалапан», «Жәнібек батыр» атты кітаптары жарық көрген. «Ақбота» кітабы Қытайда, «Ақбалапан» кітабы Түркияда басылып, өзге ел оқырмандарының оң бағасын алды.
Балаларға арналған мысал әңгімелері Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығына, зерттеулері әдебиет теориясы жинақтарына енген.
«Талбесік» (ҚХР ақындары), «Жиһаншах» (Ақыт Үлімжіұлы), «Оспан батыр», «Жас толқын», «Толғауы тоқсан қызыл тіл», «Армысың Атамекен», «Күнгей бет» (ҚХР ақындары), «Ер Жәнібек» (1-том), «Оспан», «Жүзім бағы» кітаптарын құрастырып шығарды.
Тікелей эфирде бұған дейін оқырмандар тарапынан жоғары баға алған «Қаралы көш», «Жәнібек батыр», «Бір уыс сәуле», «Ел бастаған Елісхан», тағы басқа да сүбелі еңбектері жөнінде сөз болмақ.
Жәди Шәкенұлының өмірі мен шығармашылығына қызығушылық танытқан барша оқырманды онлайн сұхбатты тамашалауға шақырамыз!
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26332683
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы