homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВӨскемен – мақтанышым менің!
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Өскемен – мақтанышым менің!

Өскемен қаласының туған күніне орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы « Өскемен – мақтанышым менің! » атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Қаламыздың өміріндегі қызықты және маңызды оқиғаларды осы айтулы күнге арналған кітап көрмесінен табуға болады. Сонымен қатар қаланың қалыптасуы, көше атауларының және үлес қосқан көрнекті тұлғалардың есімдері жайында мәліметтермен таныса аласыздар.

Өскемен — Шығыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіп, мәдениет және Өскемен қалалық әкімдігі орталығы. Қала тарихы 18 ғасырдың бастау алып, негізі Ертіс пен Үлбі өзендерінің құйылысында қаланған. Өскемен қаласы І Петр патшалық құрып тұрғанда қамал-бекініс ретінде салынған.Уақыт өте келе бекіністің жанынан адамдар қоныс тебе бастады. Ауыл болды, одан станица атанды. Станица кейіннен қалашық деп атала бастады. Ал 1868 жылы Өскеменге қала статусы берілді. 1932 жылы Шығыс Қазақстан облысы құрылды. 1943 жылы қорғасын-мырыш комбинаты, ал 1939 жылы - Өскемен ГЭС құрылысы басталды. 1939 жылдан бастап Өскемен қаласы ШҚО облыстық орталығы болды.
Қала тарихынан сыр шертетін, оның бай табиғаты жайлы, мәдениет және білім беру орындары, өнеркәсіптері туралы әдебиеттер көрмеге қойылды. Ол жерде «Қазіргі Өскемен», «Шығыс Қазақстан», «Жаны мен жады халықтың», Зарықбай Ыбыраев «Өскемен оттары», «Шығыс жұлдыздары» және «Сиқырлы Шығыс» атты тағыда көптеген Өскемен қаласына байланысты әдебиеттер жинақталған.
Сіздерге Евразияның кіндігінде, тасты таулар сағасында орналасқан біздің тамаша қаламыз туралы «Қазіргі Өскемен» атты кітапты ұсынамыз. Бұл кітапта туған қаламыздың қайталанбас шежірелі тарих беттері, оның тамаша табиғаты, көз тартарлық сәулет өнері және қаланың дамуына үлес қосқан құрметті азаматтары туралы баяндалған.
Келесі «Құпиялы өлкенің ғажайыбы» атты көркем безендірілген басылымда Шығыс Қазақстанның, соның ішінде Өскемен қаласының тарихы, оның адамдары, өнеркәсібі мен экономикалық жағдайы суреттелген.
«Шығыс Қазақстан» атты бұл кітап табиғат молынан сый тартқан Шығыс Қазақстан облысының орталығы, Өскемен қаласы туралы сыр шертеді. Кітапта қала жайлы тарихи деректер, өте бай табиғат ресурстары, баға жетпес экологиялық құндылықтары жөнінде жазылған. Және көрмеде қаланың әдеби өмірінен сыр шертетін кітаптар топтамасы бар. Шығыс Қазақстан қаламгерлерінің кітапханасы «Алтын тамыр» атты көркем еңбекте Серік Ғабдулин, Ғалым Байбатыров, Менғали Мусин, Борис Щербаков және тағы басқада жазушылардың қаламынан туған шығармалары жинақталған. Сонымен қатар кітапханамыздың «Шығыс Қазақстан өлкетану» сайтынан толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы таба аласыздар. http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/home.html

Өздеріңіз білетіндей, біздің қаламызда дарынды ақын-жазушылар, қылқалам шеберлері, атақты композиторлар, бізді керемет туындыларымен қуантатын шығармашыл адамдар өте көп. Сондай дарынды тұлғаларымыздың бірі суретші Шәңгерей Ибраев. Қылқалам шеберінің көрмеге қойылған суреттері жинақталып альбом ретінде жарыққа шықты. Онда суретшінің өмірбаяны, қылқаламынан туған Өскемен тарихы жайлы, кенді Алтай тарихы, ауыл өмірі және тағыда көптеген тақырыптарға арналған суреттері топтастырылған.
«Туған жер әуендері» атты әндер жинағына Шығыс Қазақстан облысының, соның ішінде Өскемен қаласының ең танымал композиторларының шығармалары енген. Бұл әндерде өлкеміздің әсем табиғаты, отан, махаббат, достық тақырыбындағы әндер жинақталған. Аймақтың бейнелеу өнері мен әдебиетінің қайраткерлері туралы ақпаратты «Шығыс Қазақстан: әйгілі есімдер» сайтынан алуға болады -
http://imena.pushkinlibrary.kz/ru/deyateli-kulyura-iskusstva/izobrazitelnoe-iskusstvo.html
Шырайлы Шығыстың орталығына айналған, Өскемен қаласының туған күніне орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне шақырамыз. Көрмеден сіздер қаламыздың ертеден бастау алған тамырлы тарихы жайында құнды деректермен танысасыздар.
Құрметті Өскемендіктер, қадірменді оқырман қауым, сіздерді А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық кітапханасы қала күнімен құттықтайды!

 

Байланысшы: Аубакирова А.; Ошанқызы М.
Тел.:26-13-33

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26324522
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102