Отбасы - бақыт мекені
- Толығырақ
- Құрылды 10.09.2020 16:42
Биылғы жылы отбасы күні 13 қыркүйек күні аталып өтеді. Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы осы атаулы мерекеге арналған іс-шаралар топтамасын бастайды.
Бұл топтамада ерекше орын алатын – «Абайдың балалық шағы және отбасылық құндылықтар» атты Ұлы ақынның балалық шағы, оның ақын болып қалыптасуына әсер еткен ортасы, отбасы және Құнанбай әулетінде сақталған отбасылық дәстүрлер жайлы бейнеролик пен осы тақырыптағы әдебиеттердің бейнешолуы.
10 қыркүйек күні сағ. 15.00-де кітапхана қызметкері, тәжірибелі психолог Давыдова Марина Михайловна кітапхананың Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Копилка семейных традиций» тақырыбында жанұя беріктігін сақтайтын отбасылық құндылықтарға байланысты онлайн кеңесін тыңдай аласыздар.
11 қыркүйек сағ. 10.00 Facebook @ pushkinlibrary парақшасынан «Махаббат пен мейірім мекені» / «День любви и заботы»: әдебиеттер көрмесіне бейнешолу ұсынамыз.
13 қыркүйек, сағ. 10.00 «Отбасы – бақыт мекені»: «Шуақты шаңырақ» облыстық онлайн-байқауының жеңімпазы Бауыржановтар отбасымен @Рымбек Бауыржанов инстаграмм парақшасында (https://instagram.com/rymbek_brb?igshid=r9lgb7qk339p ) онлайн-кездесу өтеді.
Сондай-ақ, әлеуметтік желі қолданушыларын «Отбасылық фотоальбом» /«Семейный фотоальбом» онлайн акцияға, «Бақытты отбасының құпиясы» / «Что нужно для счастья» атты отбасы, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер тақырыбындағы көркем әдеби шығармалар желісімен отбасы күніне орай құрастырылған онлайн-викторинаға қатысуға шақырамыз.
Өз оқырмандарымыз бен әлеуметтік желі қолданушыларын отбасы күнінімен құттықтай отырып, мерекеге орай ұйымдастырылған қызықты онлайн-кездесулерге қатысуға шақырамыз.
Байланысшы: Ашкенова Жансая
Байланыс тел.: 26-13-33 (119)
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26324522
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы