Сахан Акелеев: «Өнерім - өмірім!»
- Толығырақ
- Құрылды 14.09.2020 22:53
Есімі елге танымал жерлесіміз, режиссер, киноактер Сақан Акелеевпен «Өнерім - өмірім!» тақырыбында, қазіргі театр өнері, қызығы мен қиыншылығы мол саланың жай-күйі жайында қызықты онлайн сұхбат @akeleevsakhan инстаграм парақшасында тікелей эфирде өтті.
Сақан Акелеев Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын «Драма және кино актеры» мамандығы бойынша, Алматы мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваториясын «Вокал» мамандығы бойынша және Бішкек қаласындағы Б. Бейшенәлиева атындағы өнер және мәдениет университетін «Режиссер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Қ. Жандарбеков атындағы әнші-актерлер байқауының сондай-ақ, Ашхабадта өткен Орта Азия және Қазақстан әншілері конкурсының лауреаты. ҚР мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.
Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблін ұйымдастыруға атсалысып, сол ансамбльдің көркемдік жетекшісі бола жүріп, 1994 жылы «Сарбаздар» фольклорлық-этнографиялық ансамбльін құрады.
2009 жылы Алматыдағы өткен «Шығыс жұлдыздары» жобасының авторы әрі продюсері, 2010 жылғы Б. Момышұлының 100 жылдығына арналған «Батыр Бауыржан» атты үлкен кештің ұйымдастырушысы әрі сценарисі болды.
Сақан Долдиұлы ШҚ облыстық Жамбыл атындағы драма театрының директоры және көркемдік жетекшісі қызметін атқарды. Осы өнер шаңырағында Т.Ахтановтың «Күшік күйеу» комедиясына режиссерлік етіп, көрерменнің көңілінен шықты. 2011 жылы Ресей федерациясы, Мордовия республикасының Саранск қаласында өткен VІ Халықаралық театр фестиваліне театрдың шығармашылық тобы Сақан Долдиұлының басшылығымен қатысып, Балтық және ТМД елдерінің орыс драма театрлары арасында жүлделі бірінші орынға ие болып қайтты. Сол жылы Татарстан Республикасы, Қазан қаласында түркі халықтарының Х Халықаралық «Наурыз» театр фестиваліне де қатысып, жоғары жетістіктерге жетті. 2014 жылы Б.Рамазанның «Шырмауық» атты жаңа, екі перделі әлеуметтік драмасын сахналаса, 2017 жылы Б.Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясын және бүгінде ғасыр індетіне айналған нашақорлық жайында Б.Ұзақовтың «Жандауа» атты психологиялық драмасын көпшілікке ұсынып, жоғары бағаға ие болды. А.Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» әпсанасы да көпшіліктің ықыласына бөленді. Сондай-ақ, С. Акелеев бірнеше әндердің авторы.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26321273
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы