homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВКітапханаға Россотрудничество Өкілдігі кітаптар топтамасын сыйлады
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Кітапханаға Россотрудничество Өкілдігі кітаптар топтамасын сыйлады

17 қыркүйек күні А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасына Нұр-Сұлтан қ. Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры, Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы Алексей Анатольевич Горобченко және Ресей Федерациясы Бас консулдығының Өскемендегі вице-консулы Николай Михайлович Тищенко достық сапармен келді. Сапар барысында қонақтар кітапханаға "Вагриус", "Эксмо", "АСТ-Пресс Книга", "Златоуст" және т. б. Ресейдің жетекші баспаларынан кітаптар топтамасын сыйға тартты.

А.С. Пушкин атындағы кітапхана Өскемендегі РФ Бас консулдығымен және Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігімен көптен бері қызметтестікте. Бірнеше жобалар бірлесе отырып жүзеге асты, атап айтсақ жыл сайын өтетін Пушкин күні, Ашық диктант, Жеңіс диктанты, ашық жаратылыстану-ғылыми зертхана сияқты т.б. Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің басшысы А. А. Коропченко Өскемен қаласына және А. С. Пушкин атындағы кітапханаға бірінші рет сапармен келген екен.
Қонақтар үшін экскурсия жасалып, кітапхана қызметі, ресурстары мен жобалары таныстырылды. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Адамзаттың абайы» әдебиеттер экспозициясы қонақтардың ерекше қызығушылығын туғызды.
Алексей Анатольевич Коробченко, Нұр-Сұлтан қ. Ресей Ғылым және мәдениет орталығының директоры, Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің жетекшісі:
Мен Абайды сүйіп оқимын. Ұлы ойшылдың даналығы қазіргі заманмен үндеседі, ал оның шығармашылығына үңілу жаңа сезім мен эмоцияға серпін береді. Шығармашылық пен өзін-өзі дамытуға жетелейді! Мен кітапханаға одан әрі өркендеу, жаңа қызықты жобалар, ризашылық білдіретін оқырмандар тілеймін және шын жүректен барлық қызметкерлерге бақыт, сәттілік, шығармашылық шабыт тілеймін.
Шағиева Бибигуль Жамбыловна, А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасының директоры:
- Өте мазмұнды, позитивті кездесу болды. Біздің кітапханаға үнемі көңіл бөліп, қолдау көрсетіп жүретін Алексей Анатольевич Горобченко мен Николай Михайлович Тищенкоға алғыс айтамын. Кітапхана коллекциясында лайықты орын алатын және біздің оқырмандарға жақсы қызмет көрсететін керемет кітаптар үшін үлкен рахмет.
Сапар соңында қонақтар кітапхана қызметкерлеріне жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, кітапхананың құрметті қонақтары кітабына естелік жазба қалдырды.

 

darkni 1 darkni 2 darkni 3 darkni 4
darkni 5 darkni 6 darkni 7 darkni 8
 
Байланысшы: Марина Максимова
Тел.: 87053180950

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26332186
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102