Ақын Айбек Оралханның алты аңғары
- Толығырақ
- Құрылды 18.09.2020 16:46
Катонқарағай өңірінің тумасы, Павлодар өңіріндегі «Naizatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас ақын Айбек Оралханның «Алты аңғар» атты жаңа кітабының онлайн тұсаукесері фейсбук парақшасында өттіі.
Айбек Оралхан - 1988 жылы 5 ақпанда ШҚО Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылында дүниеге келген. Сол елді мекендегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектепте 8 сыныпты тәмәмдап, 2004 жылы Өскемен қаласындағы «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы гимназия-интернатына» түсіп, аталмыш оқу орнын 2006 жылы аяқтайды. 2013 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазіргі таңда Баянауыл өңіріндегі «Naizatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы болып қызмет атқарады.
Қанипа Бітібаева сынды ұлағатты ұстаздың өнегесін бойына сіңіріп, шығыстың шырайлы ақыны Серік Ғабдуллиннің шекпенінен шыққан Айбек бала кезден өлеңге құмар, өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген. Өзі де шәкірт тәрбиелеп, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы жанынан «Өркен» клубын құрып, жас ақындарға ақындықтың қыр-сырын түсіндіріп, жол сілтеп, үлгі-өнеге көрсетіп жүр.
Жеке шығармашылық кешін өткізіп, ел ішінде есімін даралап жүрген Айбекті ақын ретінде таниды. Кереку өңірінде «Жылылық ізде жырымнан» атауымен өткен Айбек Оралханның шығармашылық кеші, өлең сүйер қауымның жүрегіне жол сала білді. Түреннен жол салған тың тақырыптары мен мың мағыналы өлең жолдары ақынның табиғатын толық ашқандай.
Айбек Оралханның тұңғыш кітабы «Алты аңғардың» тұсаукесерін бірінші болып өр Алтайдың бас кітапханасы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырып, жас ақынға ақ жол тілеуде. Жауһар жырлар жазыла берсін, арда ақындарымыз аман болсын!
Онлайн кездемудің эазылымын көріңіздер: https://www.facebook.com/100007347070274/videos/2677515509169992/?extid=dk8eEzE3A5fUvAo8.
Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26339858
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы