homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВАқын Айбек Оралханның алты аңғары
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Ақын Айбек Оралханның алты аңғары

Катонқарағай өңірінің тумасы, Павлодар өңіріндегі «Naizatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас ақын Айбек Оралханның  «Алты аңғар» атты жаңа кітабының онлайн тұсаукесері фейсбук парақшасында өттіі.  

Айбек Оралхан - 1988 жылы 5 ақпанда ШҚО Катонқарағай ауданы Белқарағай ауылында  дүниеге келген. Сол елді мекендегі Оралхан Бөкей атындағы орта мектепте 8 сыныпты тәмәмдап, 2004 жылы Өскемен қаласындағы  «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы гимназия-интернатына» түсіп, аталмыш оқу орнын 2006 жылы  аяқтайды. 2013 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Қазіргі таңда Баянауыл өңіріндегі «Naizatas» әдеби-көркем, қоғамдық-саяси журналының жауапты хатшысы болып қызмет атқарады.
Қанипа Бітібаева сынды ұлағатты ұстаздың өнегесін бойына сіңіріп, шығыстың шырайлы ақыны Серік Ғабдуллиннің шекпенінен шыққан Айбек бала кезден өлеңге құмар, өлеңдері бірнеше жыр жинақтарына енген. Өзі де шәкірт тәрбиелеп, С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы жанынан «Өркен» клубын құрып, жас ақындарға ақындықтың қыр-сырын түсіндіріп, жол сілтеп, үлгі-өнеге көрсетіп жүр.
Жеке шығармашылық кешін өткізіп, ел ішінде есімін даралап жүрген Айбекті ақын ретінде таниды. Кереку өңірінде  «Жылылық ізде жырымнан» атауымен өткен Айбек Оралханның шығармашылық кеші, өлең сүйер қауымның жүрегіне жол сала білді. Түреннен жол салған тың тақырыптары мен мың мағыналы өлең жолдары ақынның табиғатын толық ашқандай.
Айбек Оралханның тұңғыш кітабы «Алты аңғардың» тұсаукесерін бірінші болып өр Алтайдың бас кітапханасы А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырып, жас ақынға ақ жол тілеуде. Жауһар жырлар жазыла берсін, арда ақындарымыз аман болсын!

Онлайн кездемудің эазылымын көріңіздер: https://www.facebook.com/100007347070274/videos/2677515509169992/?extid=dk8eEzE3A5fUvAo8.

 

aibek aibek2   aibek3

 

                                                                                                        Байланысшы: Абылгазинова Гүлбаршын, тел. +77056241725

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26333507
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102