homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Жаныңда жүр жақсы адам» кітабының кейіпкері Мұрат Телебаевпен кездесу
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Жаныңда жүр жақсы адам» кітабының кейіпкері Мұрат Телебаевпен кездесу

29 қыркүйек күні А.С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасында Ұлан ауданының Құрметті азаматы, жерлесіміз, құрметті демалыстағы генерал-майор Мұрат Сұлтанғазыұлы Телебаев туралы Қайырхан Жадриновтың «Жаныңда жүр жақсы адам» кітабының тұсаукесері өтті.

Қ.Жадринов өз кітабында ақжүрек, мейірімді, сөзіне берік, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, жастарға үлгі болатын кәсіпкер-меценат туралы әңгімелейді. Мұрат Сұлтанғазыұлымен кездесуге әріптестері, достары, бизнес серіктестері келді.
М.С.Телебаев 1947 жылы 6 шілдеде дүниеге келіп, Өскемен қаласының №27 орта мектебін тәмамдаған. Германия мен Чехословакиядағы Кеңес Әскері қатарындағы қызметінен кейін ол Қарағанды милиция жоғары мектебін бітіріп, ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.
Қазіргі уақытта Мұрат Сұлтанғазыұлы облыс тұрғындарын азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін «Тала» көтерме-бөлшек сауда орталығын басқарады. Жерлестері М. С. Телебаевты қайырымдылықпен айналысатын меценат ретінде таниды: ол Өскемен қаласы мен облыс аудандарының мешіттерінің құрылысына қаржылық үлес қосып, мұқтаж жандарға, мүгедек, көп балалы отбасыларға және талантты, болашағы бар жас спортшыларға тұрақты түрде материалдық көмек көрсетеді. Мұрат Сұлтанғазыұлы 2011 жылдың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері арасында «Үздік меценат» атағын иеленген.
Қ. Жадриновтың «Жаныңда жүр жақсы адам» кітабында М. С. Телебаевтың фото мұрағатынан алынған бай материал ¬- оның достары, серіктестері мен қызметтестерінің ол туралы өлеңдері мен естеліктері, облыс, Өскемен қаласы және Ұлан ауданы басшылығының қайырымдылық үшін берген наградалары, құрмет грамоталары, Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық комитеттің «Алтын қыран» ордені, Қазақстанның дін істері басқармасы табыс еткен алтын медалі жайлы мәлімет берілген.
Мұрат Сұлтанғазыұлы ауқымды қоғамдық жұмыстарға араласа отырып, ШҚ облыстық Ақсақалдар кеңесі Президиумының мүшесі, Өскемен қаласы әкімдігінің жанындағы №4 жергілікті өзін-өзі басқару комитеті жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің Төрағасы болып табылады.
Мұрат Сұлтанғазыұлы жерлестерін рухани және материалдық жағынан қолдай отырып, айналасындағылардың құрметіне бөленуде. Оның өмірі мен қызметі, еңбекқорлығы, тәртіпке беріктігі, өзіне және жұмысшыларына деген талапшылдығы, парасаттылығы, адалдығы, мейірімділігі өскелең ұрпақ үшін үлгі болары сөзсіз.
Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

mezenat 1 1 mezenat 1 8 mezenat 1 5  mezenat 1 6 mezenat 1 10 mezenat 1 11

                                                                                                Байланыс тел.: 26-13-33 (123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26325395
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102