«Армандар орындалады»: Google компаниясының жауапты қызметкері Бақытжан Төрехановпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 02.10.2020 15:54
8 қазан сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен Google компаниясының жауапты қызметкері Бақытжан Төрехановпен @bakhy_turekhan инстаграм парақшасында онлайн кездесу өтті.
Аядай ғана ауылдан шыққан баланың болашақта әлемнің алпауыт компанияларының бірінде қызмет етуі бұрын орындалмас армандай көрінетін. Ал қазір бұл қолдан келетін іс, бағындыруға болатын белес екенін дәлелдеп жүрген отандастарымыз баршылық. Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылында өсіп, ер жеткен Бақытжан Төребаев қазіргі таңда Кремний алқабына қарасты Саннивейл қаласында орналасқан Google корпорациясының кеңсесінде жұмыс істейді. Еңбек жолын еліміздегі банктердің бірінде программист қызметінен бастап, қазіргі таңда күллі әлем қолданатын Google Payments жобасында жауапты қызмет атқарады.
Бақытжанның Америкада тұрғанына 10 жылдан астам уақыт болған, жұбайымен бірге үш ұл тәрбиелеп отыр. Бақытжан тікелей эфирде тыңдарманмен Google корпорациясындағы қызметі, шет елдегі өмірі туралы қызықты әңгімелеп, сауалдарға жауап берді.
Байланысшы: Шомбина Азия, тел. 87051489755
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26338783
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы