homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВ«Өнерім - өмірім!» тележурналист Мақсат Толықбаймен тікелей эфир
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

«Өнерім - өмірім!» тележурналист Мақсат Толықбаймен тікелей эфир

 

9 қазан күні  біздің Пушкин кітапханасының ұйымдастыруымен тележурналист,"QAZAQSTAN" ұлттық арнасының бас продюсері Мақсат Толықбаймен  инстаграм желісінде тікелей эфир өтті.
Мақсат Толықбай - 1988 жылдың 11 сәуірінде ШҚ облысының Күршім ауданында дүниеге келген. Бала кезінен әр нәрсеге жаны құмар, әсіресе, спортқа жақын болды, жүгіруден, жеңіл атлетикадан спорт шебері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін 2010 жылы тәмамдаған.

maksatМақсат кішкентай кезінен әжесінің тәрбиесін көріп өскен. Әкесі Мәлік – еңбек пәнінің мұғалімі, он саусағынан өнер тамған, ағаштан түйін түйген жан. Анасы Алмагүлдің мамандығы – дәрігер.
«...Әкемнің де, шешемнің де өнерге жақындығы бар. Шешем ән салады. Егер сол бағытпен кете бергенде бүгінде тәп-тәуір әнші болар ма еді деп ойлаймын. Әкем болса сөзге шешен, қиыннан қиыстырып тауып айтатын кісі. Ауылға барсам Мәліктің айтқандары еді деп ел әлі күнге дейін әңгіме қылып отырады. Өмірден ерте кеткен талантты жазушы Талаптан Ахметжан жақын ағам болып келеді. Сол кісіге де еліктедім. Шешем Алмагүл Оралхан Бөкей шыққан Шыңғыстай ауылынан. Талай мәрте нағашыларымның ауылында болып, Оралхан ағамыздың туып-өскен үйін көріп өстім. Әдебиетке бейімделуіме осының бәрінің әсері болған шығар деп ойлаймын»,- дейді Мақсат өз сұхбатында. Бала кезінде Абайдың 180 өлеңін жатқа оқыпты.
3-курстан бастап «31 телеарнада» «Замандастар» деген бағдарлама жүргізуші, редактор болып жұмыс істеген. Қалың жұртқа "31 арнадағы" "Информбюро" арқылы танылып, көпшіліктің көзайымына айналған Мақсат Толықбай қазір еліміздің ең ірі телеарнасы "QAZAQSTAN" ұлттық арнасының бас продюсері. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік оқиғалар мен мәселелерді өткір қозғап, халықты толғандырған түрлі сауалдар нақты жауап іздеген бағдарламаладың жүргізушісі.
Толымды ойларымен көрерменнің көзайымына айналған Мақсат Толықбаймен өткен тікелей эфирді мына сілтеме арқылы көріп, тыңдай аласыздар! https://www.instagram.com/tv/CGHcf-qnBcn/?utm_source=ig_web_copy_link
Байланысшы: Гульбаршын Абылгазинова, тел.: 26-13-33 (123)

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26598301
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102