Тікелей эфир: «Генерал Мүдәріс Зайсанов және дәуір ақиқаты»
- Толығырақ
- Құрылды 31.10.2020 09:08
«Қазақпарат» агенттігінің «Әдебиет порталы» интернет жобасының шығарушы редакторы, әдебиеттанушы, тарихшы Асылбек Байтанұлымен А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен 2020 ж. 5 қараша күні сағат 15.00 –де Facebook әлеуметтік желісінде @Асылбек Байтанұлы парақшасында «Генерал Мүдәріс Зайсанов және дәуір ақиқаты» тақырыбында онлайн сұхбат өтеді.
Сұхбаттың мақсаты - Моңғол елінің батыры, генерал Мүдәріс Зайсановтың ерлікке толы ғұмырын насихаттау. А.Байтанұлы М Мүдәріс Зайсановты зерттеу бағытында бірқатар мақалалар жазған. М Зайсанов ШҚО Зайсан ауданында туған, ержүрек, ұлтжанды тұлға болған. Ол Кеңес Одағымен Моңғолияның Жапонияға қарсы соғысында асқан ерлік көрсеткен. Асылбек Байтанұлы Мүдәріс Зайсановтың өмірінен қызықты мәліметтер айтып, оқырмандар сауалына жауап береді.
Асылбек Байтанұлы 1973 жылы 15 наурызда туған. 1981-1991 жж М.Зайсанов атындағы 10 жылдық орта мектепті, 1994-97 ж ж Көкшетау мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Ол қазақтың белгілі тұлғаларын, атап айтсақ, Әл-Фараби, Мұқағали шығармашылығын және Алаш арыстары жайлы кең көлемде зерттеу мақалаларын жазып жүрген әдебиет зерттеушісі ретінде белгілі. А.Байтанұлының мақалалары БАҚ беттерінде жиі жарық көріп тұрады. Сонымен қатар Оның зерттеу мақалаларына талдау жасалып, пікірталас,өрбіп, қоғамға ықпал етеді.
Асылбек Байтанұлы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
Байланысшы: Аскерхан Ақтай, тел.8701183 00 84
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333865
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы