homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВҚазақ ғылымының жаршысы
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Қазақ ғылымының жаршысы

2020 жылдың айтулы мерейтойларының бірі – көрнекті отандасымыз Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығы. Дала ақсүйегі, хан әулетінің мұрагері, талантты ғалым Шоқан небәрі отыз жасында танымал болған. Алайда оның өмірі әлі күнге дейін құпия сырларға толы, ал ғылыми мұрасы жеткілікті түрде терең әрі толық зерттелмеген.

Анонс 9 15 ноябряШоқан Уәлихановтың шынайы бейнесімен таныстырып, оның тұлғасы мен тағдыры жайлы толығырақ мәлімет беру үшін кітапхананың Білім орталығы арнайы танымдық бағдарлама ұсынады.
Бағдарламаның лейтмотиві ¬- «Шоқан жолы» атты көрме-шолуы. Мұнда Шоқанның тарих, этнография, құқық, фольклор, география, филология саласындағы еңбектері; ұлы ғалымның өмірі, шығармашылығы мен ғылыми зерттеулері туралы әдебиеттер; оның достары мен серіктестері: ұлы орыс жазушысы Ф. М. Достоевский, ақын С. Ф. Дуров, атақты саяхатшы П. П. Семенов-Тянь-Шанский, саяхатшы, шығыстанушы, сыныптасы Г. Н. Потаниннің фотосуреттері; «Shoqan» порталының материалдары.
Шоқан Уәлихановты қолжетімді және түсінікті етіп, ұлы ғалым әрі саяхатшыны еске алып, жас Шоқанның қырларын ашу мақсатында шоқантанушы мамандармен онлайн кездесулер сериясы ұсынылады. Live-трансляция бағдарламасында: Шоқан Уәлихановтың мемориалдық кешені бойынша виртуалды тур (9 қараша, сағат 11.00-де), Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты ғалымдарының онлайн дәрістері: Зәкіш Төлеуханқызы Садуақасова мен Рашид Ешенұлы Оразов (10 және 11 қараша, сағат 15.00), тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі Қадыржан Қабиденұлы Әбуевпен тікелей эфир (13 қараша, сағат 15.00). Барлық кездесулер кітапхананың Facebook парақшасында өтеді.
Сондай-ақ, мерейтойлық бағдарлама аясында барша оқырман Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны бойынша ғылыми жұмыстар мен фактілерге негізделген онлайн-викторинадан (сілтеме) өз білімдерін сынай алады. Танымдық тест сіздің эрудицияңызды тексеріп қана қоймай, өзіңіз үшін жаңа ақпарат алып, көкжиегіңізді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі жарық жұлдыз іспеттес. Шынында да, оның қысқа ғана өмірінде артынан қалдырып үлгерген игі істері оған деген құрмет пен тағзымды талап етеді. Құрметті оқырман, осы жарқын тұлға мен данышпан ғалым – Шоқанның жаңа қырларын ашып, бірегей ғылыми мұрасын бірге оқып, зерттейік!

 

Байланысшы: Марина Максимова
Тел.: 87053180950

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26329205
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102