homesemail1sm

Заңгер кеңесі


Read More...

Робототехника 2022


Read More...

Волшебник изумрудного города


Read More...

Ұлы даланың ұлы тұлғалары


Read More...

«Ертегі - ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы


Read More...

Виртуалды қосымша


Read More...

Біздің Абай


Read More...

Шығыс Қазақстан өлкетануы


Read More...

Құжаттардың электронды жеткізілімі


Read More...

Виртуалды анықтама қызметі


Read More...
0123456789
Негізгі бетАРХИВТікелей эфир «Ислам және зайырлылық»
Қателік
  • Plugin mavikThumbnails needs library GD2

Тікелей эфир «Ислам және зайырлылық»

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында белгілі Исламтанушы ғалым, Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти PhD доктор Ершат Ағыбайұлы Оңғаров 11 қараша күні де facebook әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/yershat.ongarov парақшасында «Ислам және зайырлылық» атты тақырыпта онлайн сұхбат өткізеі.

изображение 2020 11 11 142921Бұл сұхбаттың мақсаты қазіргі қоғамдағы исламның және зайырылылықтың орны, мемлекеттік тұтастықты қамтамасыз етудегі діннің ролі тақырыбнда әңгіме қозғап, сауалдарға жуап береді.
Ершат Ағыбайұлы исламдағы зайырлылық тақырыбында өзекті мақалалар жазып, шет елдердегі және еліміздегі жиындарға қатысып, зайырлылық тақырыбын зерттеп жүрген айтулы ғалымдардың бірі. Ата заңымызда көрсетілген зайырлы мемлекет ретінде қоғамдағы діннің ролін зерделеу ел бірлігімен тыныштығы үшін аса маңызды факторлардың бірі. Осы саланың білікті маманы ретінде осы сұхбатқа шақырылып отыр. Онлайн сұхбат арқылы ол Ислам және зайырлы қоғам тақырыбын терең талдап береді.
Оңғаров Ершат Ағыбайұлы - 1975 жылы 22 наурызда Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданы, Ералиев ауылында дүниеге келген.
1994 жылы 13 желтоқсанда ҚР Білім және ғылым министрлігінің жолдамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) өткен байқау арқылы Египет Араб Республикасы (ЕАР), Каир қаласындағы әл-Азхар университетіне оқуға түсіп, 2000 жылы аталмыш университет жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтын тәмәмдап, 2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесіне қол жеткізген.
2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихында бірінші болып философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.
2011-2013 жылдар аралығында ҚР Дін істері агенттігі Алматы қаласы Дін істері департаментінің директоры, Дін істері агенттігі Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы болып қызмет атқарған.
2019 жылдан бері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасының орынбасары, наиб мүфти қызметінде.  Көптеген ғылыми кітаптардың авторы. Қазақ мәдениетіне қатысты бірқатар танымдық еңбектерді құрастырған.

 

Байланысшы: Аскерхан Ақтай
Тел.:8701183 00 84

konvertor

Статистика

  • Қолданушылар : 6
  • Материалдар : 2881
  • Материалды қарау саны : 26337362
t +7(7232) 261-333
p +7(7232) 609-087
m director@pushkinlibrary.kz
h ШҚО, Өскемен қаласы
 Қазақстан к. 102