«Өміріңді өнімді өзгерт»: Данияр Жігітбекпен онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 10.11.2020 09:18
3 қараша күні кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, копирайтер, ІТ маманы, заманауи бағыттағы бірнеше кітаптың авторы Данияр Жігітбекпен «Өміріңді өнімді өзгерт» тақырыбында Instagram желісінде @dzhigitbek парақшасында онлайн кездесу өтті.
Данияр Жігітбек 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетін тәмамдаған. Қазір IT саласында жұмыс істейді.
Кәсіпкерлерге арналған «Адал сауда» атты кітапша құрастырған және «26 жылда – 26 қағида», «Лайфхактар. Өміріңді өнімді өткіз» кітаптарының авторы. Сондай-ақ, Данияр Жігітбек Инстаграм парақшасында #30күнөлең, #1жылда100өлең жобаларын жүргізіп, өзін ақындық қырынан танытты. Ол «Қазақша копирайтинг» онлайн марафонының авторы.
Жеке даму тақырыбында жазған біраз мақалалары танымал сайттарда жарық көрген. Бос уақытын кітап оқу, саяхаттау, тіл үйренуге арнайды. 10 мемлекетте болып, 100-ден аса кітап оқып, 4 тілді меңгерген. Құрметті виртуалды оқырман, Данияр Жігітбектің өнімділікті арттыру, өзіңді табу, өзгеру жайлы кеңестерін тыңдағыңыз келсе, онлайн сұхбаттан мына сілтеме арқылы көре аласыздар https://www.instagram.com/tv/CHiQBTlhwCP/?utm_source=ig_web_copy_link .
| |
|
|
Контактное лицо: М. Жайлибаева, тел. 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26333971
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы