"ХХІ ғасырдағы қазақ прозасының жауһары" атты онлайн кездесу
- Толығырақ
- Құрылды 17.11.2020 10:50
20 қараша күні, сағат 11.00-де А.С.Пушкин атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен, инстаграмм, @quat_qiyqbai, @pushkinlibrary парақшаларында жас жазушы Қуат Қиықбаймен онлайн сұхбат өтеді.
Қуат Қиықбай -ХVI Халықаралық шығармашыл жастар «Шабыт 2013» фестивалінің «Үздік әдеби шығарма номинациясы» бойынша «Жынды» әңгімесі үшін Гран-при жүлдесінің иегері. Республикалық «Аңсар-2014» проза байқауында «Жылдың жас жазушысы» номинациясында «Екі кемпір» әңгімесі үшін Бас жүлдеге ие болған. 2016 жылы республикалық «Үркер Үміт» бәйгесінде «Тәуелсіз тоқал» әңгімесі үшін проза номинациясының лауреаты атанды.
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің түлегі Қуат Қиықбай 1990 жылы 13 маусымда ШҚО Жарма ауданы Үшбиік ауылында дүниеге келген.
Қ. Қиықбайдың әңгімелері мен өлең-жырлары 2008 жылдан республикалық, облыстық, қалалық мерзімді басылымдарда жарық көріп келеді. Ең алғашқы өлеңі 2008 жылы республикаға тарайтын «Ертіс өңірі», алғашқы жазылған «Қапас» әңгімесі облыстық «Семей таңы» газеттерінде жарық көрген. 2010 жылдан бастап қоғамдық жұмысқа араласып, жыр мүшәйралары мен проза байқауларының жүлдегері атанып жүр. Ол тек прозалық шығармаларға ғана емес, драмалық шығармаларды да дүниеге әкелген. 2014 жылы «Мазасыз маусым», Сәкен Сейфуллинің 120 жылдығына арналған «Сәкеннің соңғы сөзі» пьесалары Семей сахналарында көрерменге жол тартқан жастар арасында кеңінен танымал жас қаламгерлердің бірі.
Қазырғы заманда қолына қалам алып, шабыт пен қиялына ерік беріп, оқырмандарға тамаша туындылар ұсынып жүрген жас қаламгермен өткізілетін тікелей эфирден құр қалмайық.
Байланысшы: Кемешева Меруерт; тел.: 26-13-33
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26329012
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы