Біздің кітапханашылар: Мязова Раушан
- Толығырақ
- Құрылды 17.11.2020 12:09
ШҚО мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ-нің Облыс кітапханаларын дамыту орталығының жетекшісі Мязова Раушан Слямбековна «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды. Раушан Слямбековна өзінің сүйікті кәсібіне 34 жылын арнаған.
Раушан Слямбековнаның еңбек жолы дәл осы А. С. Пушкин атындағы кітапханада өткен. Ол қызмет көрсету бөлімінің қатардағы кітапханашысынан бастап ауылдық көпшілік кітапханаларға әдістемелік басшылықты жүзеге асыратын Облыс кітапханаларын дамыту орталығының жетекшісіне дейін жеткен.
Раушан Слямбековна – кітапхананың көптеген жобаларға, соның ішінде АКТ енгізу бағдарламаларына да қатысушы. Мәселен, кезінде ол кітапхананың электрондық каталогын құруға, интернет сыныбын ашуға, тренинг орталығын ашуға, БҰҰ Даму бағдарламасымен әріптестікте «Ауылдық кітапханалық онлайн орталықтар» жобасын іске асыруға, соңғы жылдары – «Нұр Отан» партиясының бастамасымен облыстың көпшілік кітапханалары жанынан заманауи білім орталықтарын ашу бойынша жобаны іске асыруға үлес қосты.
Емельбаева Меруерт Бауыржановна, А. С. Пушкин атындағы ШҚО кітапханасы директорының орынбасары:
- Раушан Слямбековна әріптестері мен кітапхана пайдаланушыларын электрондық білім бойынша оқытуда үлкен тәжірибеге ие және өз білімдері мен дағдыларымен олармен бөліседі. Кезінде Раушан Слямбекқызының басшылығымен халықты мемлекеттік тілде электрондық оқыту бойынша алғашқы оқыту бағдарламалары құрылды.
Бұл Раушан Слямбековнаның алғашқы марапаты емес. Оның еңбегі Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен (2013 ж.) және ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің құрмет грамоталарымен т.б. марапатталған.
Раушан Слямбековна Мязова:
- Мамандықты маған анам таңдады. Ертең мен оған осы марапатты көрсетіп, алғыс айту үшін барамын. Бала өмірінде ата-ананың атқарар рөлі зор. Менің ата-анам көп оқыды, көптеген газеттер мен журналдарға жазылды. Олар бізді оқуға баулып, бала кезімізден ағаларымызбен бірге көп оқыдық. Анамның кеңесі бойынша мен Мәдени-ағарту училищесіне кітапханатану факультетіне оқуға түстім. Оқу қызықты болды, онда мықты оқытушылар жұмыс істеп, мамандығымыздың құпияларын ашып, өз ісімізді сүюге үйретті. Училищені бітірген соң, 1986 жылы үздік студенттердің бірі ретінде А. С. Пушкин атындағы кітапханаға орналастым. Ол кезде бұл жаңа ғимарат болды, кітап көп, әрине, мен мұнда жұмыс істеуді армандаған едім. Абонементте жұмыс істей бастадым. Сол жылдары кітапханаға келген оқырмандар мені әлі күнге дейін есінде сақтап, кездескен кезде жылы амандасып жатады. 1994 жылы компьютерлендіру басталды, біздің кітапхана компьютерлерді, арнайы бағдарламалық жабдықтарды сатып алды және біз өзіміздің электронды каталогымызды жасай бастадық. Маған жаңа технологиялармен жұмыс істеу бірден ұнады және білім алып, әріптестерім мен кітапхана пайдаланушыларына – дәрігерлерге, мұғалімдерге, журналистерге және басқа да мамандықтарға заманауи технологияларды меңгеруге көмектестім. Сырттай Алматы қаласындағы Қазақ әйелдер педагогикалық институтының кітапхана факультетінде жоғары білім алдым. Мен кітапханашы мамандығын таңдағаныма ешқашан өкінген емеспін.
Статистика
- Қолданушылар : 6
- Материалдар : 2881
- Материалды қарау саны : 26323278
+7(7232) 261-333 |
+7(7232) 609-087 |
director@pushkinlibrary.kz |
ШҚО, Өскемен қаласыҚазақстан к. 102 |



















































































+7(7232) 261-333
+7(7232) 609-087
ШҚО, Өскемен қаласы